27 ОКТЯБРЯ / 18 BI Development
Мінсіз үй болмайды
фывфыв

Мінсіз үй болмайды

Астанада Vivat Promenade тұрғын үй кешені тапсырылды. Бұл жолы Жаңа қоныс «BI-Жұлдызай» қорымен бірге, «Тұсау кесер» рәсімінде өтті. Кейбір тұрғындар тоғыз жасар Амал Есекенеевтың алғашқы қадамын көргенде көз жастарын ұстай алмады. Айта кетейік, компания қызметкерлері ай сайын сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу үшін қорға жалақысының бір бөлігін береді.

Енді үй жайында. Бірінші — фасад. Көпшілік травертинді жақсы көреді, бірақ австриялық «Фундермакс» панельдері солтүстік климатқа төзімді. Аула жабық. Барлық пәтерде бейнедомофон. Бейнекамералармен үйіңізден шықпай-ақ, ауладағы балаларды бақылауға болады. Енді күзет паркингте емес, үй жанында.
Бұл үйде террасадан бас тартуды шешкен. Есесіне кеңселер екі деңгейлі, бұл кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Коммерциялық орындардың өз желдеткіш жүйесі бар. Егер мейрамхана ашылса, пәтерге иіс келмейді. Кең көлемді терезелер, суыққа шыдамды.
Өтпелі кіреберіс, көше жағынан кіруге болады. Мұнда дизайнерлік люстралар, айналар бар. Оңтүстіккореялық Silver бизнес-класты лифтілері. Порталдар мәрмәр мен мырышталған болаттан жасалған.
Кіреберістегі есіктер брондалған шыныдан жасалған және екі жағынан қорғаныс пленкасымен жабылған. Пәтер есіктері Қазақстанда итальяндық технология бойынша жасалған. Терезелер де бөлшектері еуропалық болғанымен, елімізде шығарылған. Лоджияларда бос орын алып тұратын таяныштардан бас тарқан. Төменде триплекс, брондалған шыны. Лоджия қаптамасы — еуропалық Gyproc-тың ылғалға төзімді гипсокартоны.
Дыбыс оқшаулау деңгейін арттыру үшін «қабырғадағы қабырға» технологиясын қолданды. Ал соққы шуынан қорғау үшін еденде «Акуфлекс» төсемесі төселді.
Паркинг гидрооқшаулауына аса мән берілген. Оның төбесінде итальяндық өндірістің Jet-желдеткіші орнатылды.
«Үй шағын, барлығы 159 пәтер, тиісінше, аула да шағын. Мұнда мини-футбол алаңы бар, ал қыста хоккей ойнауға болады. Доп тебетіндерге көршілеріне баруға болады», — дейді жоба жетекшісі Нышаналы Қалдыбаев.

Паркинг төменде болғандықтан аулаға жасыл-желек отырғызу қиын, сондықтан вазондар қойылған. Бірақ үйдің айналасында сібір шыршасы, күміс терек, жұпаргүл, барбарис отырғызылды, ал альпілік төбешіктерге арналған тастар Павлодар облысынан —Баянауылдан әкелінді.
Тұрғындар көргендеріне риза болды.
Арман:
— Үй менің үміттерімнен асып түсті. Үй жанында 2 балабақша салынатынын білдім. Әрине, бір мектеп болғаны жақсы болар еді, дегенмен аудан қарқынды дамып келеді, бірақ біз әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері — құрылыс салушының емес, әкімдіктің құзыреті екенін түсінеміз.
Дариға:
— Үй тамаша! Жөндеу жұмыстарын уайымдадым: кімді жалдау керек, қандай материал алу керек? Бірақ компания жөндеу жұмыстарын өз жасайды, оның екі пакеті бар: «Стандарт» және «Комфорт». Біздер үшін өте ыңғайлы.
Бір қызықтысы мұнда тек бір бөлмелі пәтерлер қалды. Бұл үйді жалға беру үшін емес, өздері тұру үшін алады деген сөз. Үй құжаты дайын болған кезде «7-20-25» бағдарламасы бойынша олар да сатылып кетеді.
Мінсіз үй болмайды, бірақ жоба командасы үйдің мінсіз болуы үшін барлығын жасады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар