Қазақстан астанасы триатлон
спорттық іс-шарасы бойынша төртінші рет өткізілгелі отырған IRONMAN жарысына
қатысушыларды қарсы алуға дайындалып жатыр. Бұл байқау соңғы 5 жылда Астанада
өткізілетін ең ірі халықаралық іс-шараға айналды: тек өткен жылдың өзінде оған
5000-нан астам көрермен келген.
Биыл жарыс Қала күні қарсаңында, 2 шілдеде өтеді. Ұйымдастырушылар 60 елден
1800-ден астам қатысушыны күтіп отыр. Өткен жылы 56 елден 1634 қатысушы келгенін
естеріңізге сала кетейік.
«Жарысқа қатысушылар санының жыл өткен сайын ұлғаюы бізді
ұйымдастырушы ретінде қатты қуантады. Сонымен қатар триатлеттердің саны біздің
елімізден де, шетелдік қатысушылар арасынан да пропорционалды түрде өсіп келеді.
Бұл, ең алдымен, жарыстың жоғары деңгейде өткізілетінін, сондай-ақ
спортшылардың тұрақты қатысуына мүмкіндік беретінін білдіреді. Біздің жарысымыз
елдегі триатлонның дамуына да оң әсер етіп жаmқандығына қуаныштымыз: қауымдастықтар
құрылып, қажетті инфрақұрылым салынуда, адамдардың салауатты өмір салтына
бағытталған бағдарламалар пайда болуда және мұның бәрі біздің еліміздің
экономикасына әсер етуде. Сонымен қатар ірі бизнестің республика бойынша
осындай әлеуметтік инвестицияларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын
қуана атап өтеміз және бұл біздің еліміздің экономикасын дамытудың тағы бір оң
үрдісі», - деп түсіндірді
жарыс директоры Алексей Сидоренко.
Мұндай бұқаралық іс-шараларды өткізуде бизнес қолдауы ерекше маңызды.
Дәстүр бойынша IRONMAN жарысының ұйымдастырушысы BI Group құрылыс холдингі
болып табылады. Биыл жобаға IRONMAN 70.3 Astana серіктесі атанған Freedom Life ӨСК
қосылды.
«Триатлонмен айналысқан өте қызықты, бірақ кейде жарақат
алуың да мүмкін. Әдетте, мұндай жарысқа қатысушылар сақтандыру шарттарын
жасасады, ал егер жазатайым оқиға орын алса, біз оларды күтпеген шығындардан
қорғаймыз», - деп ой бөлісті
Freedom Life ӨСК Басқарма төрағасы және Ironman сериясының бірнеше мәрте
қатысушысы Азамат Ердесов.
«Біз елімізде IRONMAN спорттық
іс-шарасын тағы бір рет өткізетінімізге қуаныштымыз. Әлемге әйгілі бұл жарыс ауқымды
түрде өтіп, көптеген қатысушы мен көрерменді тартады. Бұл өз кезегінде
Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі мен танылуына оң әсер етеді. Біздің
компаниямыздың қызметінің негізгі әлеуметтік бағыттарының бірі – спорт пен
салауатты өмір салтын қолдау, сондықтан біз жарыстың дәстүрлі түрде қуана-қуана
серіктесі боламыз», - деп атап өтті BI Group өкілі Арман Лесбеков.
IRONMAN Kazakhstan жарысының титулдық серіктесі: BI Group компаниясы
IRONMAN 70.3 Astana жарысының титулдық серіктесі: «Freedom Finance Life
ӨСК» АҚ