10 АВГУСТА / 22
75 елдің спортшылары Ironman-ге қатысу үшін Қазақстанға келеді
фывфыв

Екі жылдық үзілістен кейін BI Group Ironman турнирі Қазақстанға қайта келіп, жылдың басты оқиғасы болуға үміткер болады. Осы жексенбі, 14 тамыз күні, триатлонның әуесқойлары бірден үш спорт түрін бағындырып, "Темір адам" беделді атағы үшін күресетін болады.

 Ironman —  BI Group холдингі 2018 жылы жарысты өткізу үшін лицензия алған Дүниежүзілік триатлон корпорациясы (WTC) ұйымдастыратын ұзақ қашықтыққа арналған ең ауқымды жарыс. ТМД тарихында тұңғыш рет бір мезгілде  толық қашықтықтағы Ironman Kazakhstan  және оның жартысы Ironman 70.3 Astana екі жарыс бастауын алады. Жарыс үш кезеңнен тұрады: 3,86 шақырымға жүзу, 180,25 шақырымға велосипедпен жүру және 42,195 шақырымға марафондық жүгіру.

 Бүгінгі күні жақын және алыс шетелдердің 75 елінен 2200 қатысушы жарысқа тіркелді.

 «Биыл біз көптеген триатлеттерді қарсы аламыз, атап айтсақ: Ресейден 500 атлет, Үндістаннан 200, Өзбекстаннан 60 спортшы, Германия мен Ұлыбританиядан 30 адамнан, Қытайдан, АҚШ-тан, Франция мен Италиядан да осындай топтар келеді. Бұл біздің стартқа, аймаққа және жалпы елге деген қызығушылықтың артуының тікелей көрсеткіші және бұл туризмнің дамуына оң әсер етуі мүмкін», - дейді жарыс директоры Алексей Сидоренко.

 Басқа Ironman жарыстарының тәжірибесі бойынша турнир ұйымдастырушы ел үшін экономикалық тұрғыдан оң әсерін береді. Сонымен қатар бұл қаржылық тұрғыдан ғана емес, басқа да салаларға әсерін тигізеді. Бұл, бірінші кезекте, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін, оның танымалдығын, туристік және инвестициялық беделін арттырады. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары республикамыздағы жарысты жариялау кезінде миллиондаған аудиторияны қамтиды.

Қазақстанда да триатлон кеңінен таралған, Ironman-ге біздің 1012 отандасымыз қатысады. Атақты қатысушылардың бірі -  Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Олимпиада ойындарының қатысушысы триатлоншы Екатерина Шатная және "Алматы Марафонының" атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева болады.

 Жарыс қорытындысы бойынша қазан айында Гавай аралдарындағы Калуа-Конада өтетін Ironman әлемдік чемпионатына 45 слот ойнатылады.

 14 тамызда астаналық Триатлон паркте өтетін жарыста триатлеттерді қолдауға келуге болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар