11 МАРТА / 20
Журналистер байқауы қорытындыланды
фывфыв

Журналистер байқауы қорытындыланды

Құрметті конкурсқа қатысушылар, BI Group компаниясының қазақстандық журналистер мен блогерлер арасында өткізетін дәстүрлі шығармашылық сайысы өз мәресіне жетті. Байқауға 100-ден астам жұмыс келіп түсті. 3 ай бойы жалғасқан сайыста қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар 2 номинация бойынша марапатталды:


● «Баспа басылымдардағы (газет, журналдар) үздік жарияланым» бойынша «Курсив» республикалық іскерлік апталығының тілшісі Наталья КАЧАЛОВА;

● «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым» бойынша «Сақшы» газетінің аға тілшісі Жадыра МҮСІЛІМ.


Қазылар алқасының шешімімен «Интернет-басылымдағы үздік материал» және «Үздік телевизиялық сюжет» номинациялары бойынша лайықты жеңімпаздар анықталмады.

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға алғыс білдіреміз!

Бастамаларыңызға сәттілік, шығармашылық табыстар тілейміз!


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар