13 ОКТЯБРЯ / 18
Жайлылық ұсақ-түйектен құралады!
На казахском

Жайлылық ұсақ-түйектен құралады!

Танымал «Арнау» тұрғын үй кешенінің 6-блогы, бір қарағанда қалған блоктарынан өзгеше емес. Дегенмен, жоба командасы мұнда бірқатар жаңа стандарттарды енгізген.

Үй кірпіштен қаланған, бұл оның негізгі артықшылықтарының бірі. Кешендегі 193 пәтердің барлығы сатылған.

- Біз терезе орындарының биіктігін 1,5-тен 1,7 метрге дейін үлкейттік. Есесіне бөлмеге жарық мол түседі. Бұдан басқа, аула жағынан екінші қабаттағы терезелердегі темір қоршауларды алып, оның орнына қалың әйнектерді орнатуды шештік, - дейді жоба жетекшісі Игорь Белобров.
Бұдан басқа холлдардың өзіндік заманауи дизайны бар, оған экологиялық таза МДФ панельдер қолданылған, соңғы шыққан Lifan Breeze радиаторлары орнатылған.

Үй қаламыздың жасыл белдеуінде орналасқан. Мұнда қарағай, шырша, терек, жұпаргүл, арша, шетен отырғызылды. Ал қала әкімдігі балабақша салуды жоспарлап отыр. Біз жоғарыда жазғандай, сатылымдағы пәтер қалмаған, бірақ кеңселер мен паркингтегі орындар бар. Толығырақ сату орталығынан білсеңіз болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар