23 ИЮЛЯ / 20 BI Construction & Engineering
"Тәуелсіздікке 25 жыл" көпіріндегі кепілдік міндеттемелерді орындау бойынша түсініктеме
На казахском

Қазіргі уақытта "Казахдорстрой" ЖШС өз есебінен "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" көпіріндегі ақауларды жою жұмыстарын жүргізуде. Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бастамасы бойынша BI Group-тың кепілдік міндеттемелері 2022 жылға дейін ұзартылған. Объектіні пайдалану кезінде ақаулардың негізгі саны бетон бетіндегі қабыршықтану (негізгі конструкциялардағы емес) мен көпір төсемінің жабындысындағы шұңқырлар (сызаттар торы) төмендегі себептерге байланысты орын алған:

Бетоннан жасалған т/б конструкциясының үстінен өтетін бөлікпен агрессивті су ағындарының байланысы тоқтатылмаған.

Көпір төсемін қарау нәтижелері бойынша көк тайғақпен күресу үшін құмды тұз қоспасы қолданылғандығы анықталды. Бетон беттерінің қабыршақтануы мен бұзылуы негізінен тротуарлық блоктардың жиектері мен монолитті жабын жолағында байқалады. ҚР 2.01-2013 құрылыс нормасындағы 4.2.10-тармағында егер конструкцияда коррозиядан бетон мен темірбетонға реагенттердің әсерінен қорғау көзделмесе, құрылыс және пайдалану кезеңінде мұзға қарсы реагенттердің көмегімен үстіңгі беттен қар мен мұзды жоюға жол берілмейді делінген. Жоғарыда атап өтілгендей, эстакада бөлігіндегі бетон конструкциялардың қабыршақтануы мен бұзылуы пайдалану кезіндегі нормативтік талаптардың орындалмауы нәтижесінде пайда болған.

Бейнебақылау жүйесіне тоқталатын болсақ, ол жұмыс жағдайында пайдалануға беріліп, 2018 жылға дейін жұмыс істеген. Алайда, пайдаланушы ұйымның техникалық қызмет көрсетпеуіне байланысты, бүгінгі күні жүйе жұмыс істемейді. Бұл мердігер – BI Group компаниясының кепілдік міндеттемелеріне жатпайды.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар