15 МАРТА / 19 BI Construction & Engineering
Түркістанда FIFA талаптарына сай келетін стадион салынады
фывфыв

Түркістанда FIFA талаптарына сай келетін стадион салынады

Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин жаңа стадионның құрылысымен танысты.
Спорт кешенін BI Group холдингінің құрылымдық бөлімшесі – BI Construction & Engineering салуда.
Болашақ стадион - жабық трибунасы бар ашық футбол алаңы. Жалпы ауданы 36 500 шаршы метр. Оның 15 000 ш.м. - футбол алаңы, жаттығу алаңы және жеңіл атлетикалық жол. Жалпы сыйымдылығы – 7000 орын. Трибун каркасы – металл. Стадион ғимаратында қажетті бөлмелер: шешінетін бөлмелер мен жаттығу залдары, баспасөз орталығы, БАҚ жұмысына арналған орын, VIP-ложасы болады.
«Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес, футбол алаңы FIFA-3 стандарттары бойынша сертификаттаудан өтуі тиіс, яғни ұлттық маңызы бар матчтарға арналған футбол алаңы ретінде болмақ, демек оның сапасына қойылатын талаптар да жоғары», − деді BI Construction & Engineering «Оңтүстік» дивизионы жобаларының директоры Диас Әділханов.
2019 жылдың 1 тоқсанында басталған құрылыс 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады.
«BI Group компаниясының корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі әрдайым спорт болып қалатыны ешкімге құпия емес. Сондықтан қалаға қажетті спорт ғимаратының құрылысы бізге екі есе шабыт береді», - деп атап өтті BI Group директорлар кеңісінің төрағасы Айдын Рахымбаев.
Фотосуреттер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайтынан алынды primeminister.kz

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар