30 СЕНТЯБРЯ / 21 BI Development
Алмалы ауданында жаңа тұрғын үй кешені ашылмақ
фывфыв

Адамның бақытты әрі толыққанды өмірі отбасы, достар, махаббат, мақсат, шабыт, жан мен тәннің саулығы, білім, уақыт, қауіпсіздік сияқты 10 негізгі бөліктен тұрады. Тұрғын үй кешенінің атауы орыс тіліне аударғанда «өмір» дегенді білдіреді және әрбір тұрғын өзін үйдегідей сезінуі үшін бұл критерийлердің барлығы Life Town тұрғын үй кешінінде қамтылған.

Life Town ТК – адамдардың табиғатпен бірлігін сезіндіру үшін Алматы қаласы Алмалы ауданына қарасты қала орталығындағы Райымбек-Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан кешен. Сіз бен отбасыңыз үшін тамаша орын. BI Group 848 пәтерлік және бір деңгейлі жерасты паркингі бар 12 қабатты үйдің 3-кезегін өткізуге дайындалып жатыр. Әр қабатта төбелерінің биіктігі 2,7 м болатын 4-5 пәтер бар, кешеннің бірінші қабаттарында кәсіпкерлерге арналған коммерциялық орындар қарастырылған.

Life Town тұрғын үй кешінінің сыртқы беті сәндік сылақпен әрленген. Бұдан басқа, кешенді көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі, ал табиғи материалдардан жасалған жасыл ауланың ішкі авторлық ландшафтық дизайны ересектерге ғана емес, кішкентай тұрғындарға да балалар алаңдарында қызықты және белсенді ойнаулары үшін шабыт береді. Кешеннің ауласына шұғыл қызмет көрсететін автокөліктерден басқа көліктер кіре алмайды.

Дені саудың-жаны сау: сіз тұрғын үй кешенінің аумағында күнделікті серуендеуден, сондай-ақ Workout аймақтары мен футбол алаңында спортпен шұғылданудан рақаттана аласыз.

Инженерия туралы: үйдің тұрғын бөлмелері де, коммерциялық бөлмелері де энергияны үнемдейтін металл пластикалық бір камералы  терезелермен жабдықталған.

Тұрғын үй кешені өмір сүруге қажеттінің бәрі бар Алматының дәл орталығында орналасқан. Мысалы, «Мега Парк» СОО, Арбат жаяу жүргіншілер көшесі, ОӘД, 28 панфиловшылар атындағы саябақ, MAGNUM Cash&Carry, метро және көптеген театрлар, мұражайлар, мейрамханалар мен дәмханалар. Сондай-ақ үйдің жанында Алматының басты медициналық мекемелері, дәріханалар, түрлі дүкендер, фитнес-орталықтар,  20-дан астам білім беру мекемелері орналасқан.

Сіз бұл жерді бір көргеннен ұнатасыз, ал махаббат – сізді және айналаңызды ғана емес, сонымен қатар қызметіңізді, мақсаттарыңыз бен қызығушылығыңызды басқаратын сезім. Life Town тұрғын үй кешені –   өміріңіздің ғажайып сәтін өткізгіңіз келетін жер.

Осы тұрғын үй кешенінде пәтерлерді резервтеу басталды. Толық ақпарат алу үшін 360 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар