25 ЯНВАРЯ / 19 BI Development
BI Group таза әрлеудің жаңа түрін ұсынды
На казахском

Қолданыстағы «Стандарт» және «Комфорт» топтамасына енді «Бизнес» пакеті қосылды. Жаңа пакеттің ерекшелігі мен жөндеу жұмыстары туралы толығырақ білу үшін біз, Жобаны бақылау менеджері Дархан Қарабалинмен сұқбат жүргізген едік.
Дархан! 2018 жыл табысты болды. Жоспар бойынша комфорт класты үйлердегі дайын пәтерлерге жоспар бойынша 10% емес, 15% клиент тапсырыс беріпті. Мұның құпиясы неде?
- Мұнда бірнеше фактор бар. Мысалы, басқа қалалардан келген тұрғындар жөндеумен айналыса алмайды және оларға құрылыс салушыдан тапсырыс беру оңайырақ. Басқа клиенттер пәтер кілтін алған соң, пәтер дизайнын ойлап, материалдарды және жұмыс бригадасын іздеп жүргенде, тапсырыс берген клиенттеріміз бірден дайын пәтерлеріне көшіп келеді. Оның үстіне, компания жасаған жұмысына кепілдік береді – 1жыл! Ал егер пәтеріңіз бүлініп қалса, өзіңіз жасатқан жұмысшыға бір аптадан кейін хабарласып көріңізші, телефонын алмауы да мүмкін.
- Кейбіреулер құрылыс салушыдан жөндеу - қымбатқа түседі деп санайды.
- Егер сіз ең қолжетімді материалдарды сатып алып, танысыңызға жасатсаңыз, иә, арзанырақ шығады. Шын мәнінде, біз ірі тапсырыс беруші ретінде жеңілдіктер аламыз, екінші сәт, бұл төлем шарттары. Бригадаларға бір шаршы метр үшін орташа есеппен 10-12 мың теңге төлеуіңіз керек. Компаниядан сіз жөндеу жұмысын ипотекаға, несиеге жасата аласыз. Төлеу мерзімін 20 жылға дейін. Айтпақшы, 2018 жылы клиенттердің 10%-ы, бұл 96 пәтер, жөндеу жұмыстарын ипотека арқылы тапсырыс берді.
- Ақпан айында "Стандарт" және "Комфорт" пакеттеріне тағы "Бизнес" түрі қосылады. Бізді не күтіп тұр?
- Клиенттерді жаңа тәсілдер күтіп тұр. Мысалы, ас үйде «фартук» кафель емес, декор панельдерінен жасалады. Компаньонның қабырғаларын панельдермен немесе шпонмен жасаймыз. Сондай-ақ, біз қосымша жарықтандыру үшін софиттерді пайдалануды бастаймыз. Осындай бір пәтер дайын, ол Dream City тұрғын үй кешенінде орналасқан.

- Бұл өнім сұранысқа ие болады деп ойлайсыз ба, өйткені «бизнеске» тапсырыс берушілердің талғамдары көп қой.
- Мысалы, Park Avenue Exclusive - "Бизнес +" класына жатады, 5 адам таза әрлеуге тапсырыс берді. Жалдап алушылар үшін емес, өздері үшін.

Еуропадағы "еуроремонт" біздікіне қарағанда, қарапайымдау дейді, сол рас па?
- Бұл солай. Еуропалықтар көбінесе, қарапайым жөндеуді қалайды. Түсқағаз емес, қабырғаны бояумен бояса жеткілікті, ал ақшаларын сәндеуге жұмсайды: суреттер, техника, жиһаз т.б.

- Қаңтар айының соңында компания «Ақылды үй» жүйесін ұсынғалы жатыр. Осы ретте сіздерге тапсырыс берген дұрыс па әлде өзіміз бригада іздей берейік пе?
- Таңдау өз еркіңізде. Бірақ бізде "Ақылды үйді" енгізу бөлімшесімен бірге өндірістік жұмыстардың нақты кестесі әзірленді. Хабарландыру бойынша бригадалармен қажетті бірізділікке қол жеткізуге болатынына сенімді емеспін. Ламинат төсеп болып, кейін кабель жүргізу керектігін ұмытып кетіп жататыны секілді жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Бұл артық шығын, бос уақыт. Егер бұл бізге тапсырыс берген кезде болса, біз бәрін тегін жасап берер едік. Айтпақшы, компания ұсынған таза әрлеуге тапсырыс берген кезде ақылды үй элементтері клиентке 50% жеңілдікпен беріледі.

- Сізде жөндеумен іске асырылмаған пәтерлер бар ма?
- Жоқ, жөндеу жұмыстары жасалған 963 пәтер іске асырылды. Қызметке сұраныс өте жоғары.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар