26 ДЕКАБРЯ / 22 BI Development Almaty
Алматыда ұлттық нақышта салынған тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
фывфыв

Өткен демалыс күндері комфорт класты ONER 1-2 жаңа тұрғын үй кешенінде 198 бақытты отбасы пәтер иелері атанды.

Жаңа кешен Есенжанов, Ислам Каримов, Тұрғыт Өзал және Абай көшелерінің арасында орналасқан. Жанында оқу орындары, медициналық мекемелер, балабақшалар, Fantasy World Almaty ойын-сауық саябағы, М.К. Ганди атындағы саябақ, стадион, дәмхана, ADK, MOSKVA, GRAND PARK сауда ойын-сауық орталықтары, метро станциясы, сондай-ақ фитнес клубтар мен мұражайлар бар.

Аула «көліксіз» тұжырымдамасына сәйкес жасалған, тәулік бойы қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруге арналған бейнебақылау жүргізіледі. IP домофоны, электр құлыптары,  көлік тұрағы, қойма бөлмелері және бесік арбалар, велосипедтер, самокаттарға арналған орындар тұрғын үй кешенінің артықшылықтарын көрсетеді.

Кешен аумағында балалар ойнайтын алаң, демалуға арналған үйшіктер, футбол және стритбол алаңдары, теннис үстелі, серуендеу аллеясы бар.

Біздің отбасымыз қазіргі уақытта ең бақытты кезді бастан кешіруде! Алғаш рет жеке пәтерге ие болуымыз – орасан зор қуаныш! Бізге кіреберістің дәстүрлі стильдегі дизайны қатты ұнады, - деп Шыныбаевтар отбасы өз әсерлерімен бөлісті.

Ғимараттың негізгі кіреберіс бөлігі, вестибюль мен жалпы қолданыстағы аумағы ұлттық мәдениет элементтерін пайдалана отырып, авторлық дизайнда жасалған, қазақтың ою-өрнегі, әшекейі, ұлттық нақышы ішкі көріністің ажырамас бөлігіне айналған.

Жобаның қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай жүзеге асырылғанын естеріңізге сала кетейік.

Кешен жалпы саны 900-ден астам пәтерден тұрады. Сатылымда әлі де пәтерлер бар.

Толық ақпаратты ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, компанияның ресми сайтынан, @bi.group инстаграм парақшасынан немесе BI Group сату бөлімдерінен алуға болады.

 

 

 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар