08 ИЮЛЯ / 20 BI Development
Пәтер болса, онда тек ЭКСПО-ға қарайтын Only-ден
На казахском

BI Group компаниясының картасы тағы бір жаңа объектпен толықты. Ұлттық Банкке қарама-қарсы орналасқан Only Sun тұрғын үй кешенінің бірінші кезегі тапсырылды. Үй шынымен де жарқын, жағымды эмоциялар сыйлап, өзінің шуағына бөлейді. 

Австриялық өндірістің HPL-панельдері қолданылған үй фасады әдемі ғана емес, берік, табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен ультракүлгін сәулеге төзімді. Әдетте мұндай қымбат материал бизнес санаттағы тұрғын үй кешендерін әрлеу кезінде қолданылады. Бірақ жоба командасы оны осында, "Комфорт"сегментінде пайдалануды жөн көріпті. Кешен 9, 12 және 22-қабатты төрт блоктан тұрады. 12 қабатты секцияларда екі-екіден, тоғыз қабатты үйде бір және ең биік мұнарада үш лифттен бар. 

Компания тұрғын үй кешенінің айналасындағы жасыл көшеттерге ерекше көңіл бөледі. Күзде паркинг төбесінде қызыл шетен мен сібір шыршасы отырғызылса, іргелес аумақта шаған мен қарағай егіледі. Сонымен қатар, мұнда  Only Sun ғана емес, компанияның басқа да кешендерінің тұрғындары үшін шағын гүл бағы бар аллея қарастырылған. Әзірше жазғы көңіл-күйді әртүрлі гүлдер мен бұталар сыйлайды.

Аулаға барлық жастағы тұрғындар бағасын бере алады. Балалар үшін әртүрлі шағын архитектуралық формалар және белсенді өмір салтын сүйетіндерге жүгіру жолы қарастырылған. Ал көршілермен бірге жазғы кештерді дизайнерлік күркелерде өткізуге болады. Жалпы, клиенттер жасалған жұмысқа оң бағасын берді.

Аида, қоныс тойын тойлаушы:

- Біз әрдайым тек BI Group-ті таңдаймыз, себебі үйге қызмет көрсетудің жоғары деңгейі мен үй сапасына деген сеніміміз мол. Біріншіден, Only Sun-ды орналасқан жері үшін таңдадық. Жанында барлық қажеттінің бәрі: Mega Silk Way, Expo, Ботаникалық бақ, театр мен мектептер бар. Екіншіден, бізге үйдің архитектурасы мен ауласы ұнады.

Айнура, қоныстанушы: 

- BI Group сапалы тұрғын үй ұсына алатын компаниялардың бірегейі. Only Sun-дағы пәтерді тұжырымдаманың жаңашылдығы мен кешеннің орналасқан жеріне байланысты таңдадым.

Үйдің жанында кішкентай бүлдіршіндері бар аналарға ыңғайлы болатын мемлекеттік балабақша салынған. 

Асқар Шайзин, жоба жетекшісі:

- Пандемия мен ТЖ режиміне байланысты біз объектінінің тапсырылу мерзімін үш аптаға шегірдік. Осы туындаған жағдайға түсіністік танытқаны үшін клиенттерімізге алғыс айтқым келеді. Әрдайым үйлеріңізді күн шуағы нұрына бөлесін!

Бірінші кезекте бірнеше пәтер мен паркингте орын қалса, екінші кезекте жүзеге асырылмаған апартаменттер бар. Толық ақпаратты BI Group сату бөлімдерінен немесе 360 нөмірі бойынша біле аласыз.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар