07 ОКТЯБРЯ / 20 BI Development
Жаңа жыл – жаңа пәтерде!
На казахском

Only Sun тұрғын үй кешенінің екінші кезегінің тапсырылуына бірнеше ай қалды. Ашық есік күніне келген клиенттер жұмыстың мерзімінде аяқталатынына көз жеткізді. Ия, бұл жағдайда тек көз тимесін дейміз. Себебі, БАҚ пен әлеуметтік желілер тәулік бойы пандемияның жаңа толқынымен қорқытады.

Екінші кезек 9, 12 және 22 қабатты төрт мұнарадан тұрады. Нысан қаңқасы мен фасады дайын, қазір тек әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жүргізілуде. Күз – жасыл желектерді отырғызу үшін таптырмас уақыт, сондықтан аулада төрт үлкен қарағай отырғызылып үлгерді.

Мұнда спорт және хоккей-футбол, баскетбол алаңы болады. Терезелерден ЭКСПО мен жол бойында орналасқан Ұлттық банкке керемет көрініс ашылады. Үй жанында мемлекеттік балабақша салынған.

Нысанды тапсыру 2020 жылдың 28 желтоқсанына жоспарланған. Smartremont-тан таза әрлеуге тапсырыс бергендер кілттерін алуға шабадандарымен бірге келіп, өз пәтерлеріне бірден қоныстана алады.

Екінші кезекте тұрақтар мен бірнеше үш бөлмелі пәтер қалды. Тұрғын үйді екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға сатып алуға болады. Бастапқы жарна қосымша жылжымайтын мүлік кепілімен 20%-дан басталады. Сондай-ақ, пәтерді жеңіл бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігі бар. Оның схемасы өте қарапайым: бастапқы жарнаны 30% мөлшерінде, содан кейін құжаттарды алғанға дейін ай сайын 300 000 теңгеден төлейсіз. Ал 2021 жылдың наурыз айында сатып алған пәтердің кепілімен несиеге қалған соманы ресімдейсіз. 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар