26 НОЯБРЯ / 20 BI Development
Ерекше ипотека: 2.0 нұсқасы
фывфыв

BI Group холдингі Сбербанкпен бірлесіп, «Ерекше ипотека» бағдарламасының жетілдірілген нұсқасын іске қоспақ. Бағдарламаның жетілдірілген нұсқасында несие берудің ең жоғарғы сомасы 25 млн теңгеден 70 млн теңгеге дейін ұлғайтылып, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорынан кепілдеме алу қажеттілігі түріндегі шектеу алынып тасталды. Бағдарлама бойынша 15 жылға дейін несие беріледі.

«Ерекше ипотека» бағдарламасы басталғаннан бері жақсы нәтижелер көрсетті. Біз бағдарлама аясында 6 ай ішінде 3,5 миллиардтан астам теңгені игердік. Клиенттеріміз тарапынан бұл бағдарламаға деген қызығушылықты байқап жүрміз. Сондықтан да Сбербанкпен бірге ипотекалық несиені жетілдіріп, клиенттеріміздің қатарын молайтуды қолға алдық. Біз қаржыландыруға байланысты шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдадық. Оған себеп –  тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігі барлық нысанды қамтымайды әрі бұл аса қолайлы болмай шықты, сонымен қатар клиенттеріміздің таңдауына ерік бермеді. Бағдарлама мемлекет меншігінде болмаса да, сыйақы мөлшерлемесі бойынша басқа ұқсас бағдарламалардан кем түспейді. Бұған дейін комфорт-класс жобалары мен одан жоғары деңгейдегі үйлер үшін бізде мұндай ыңғайлы әрі пайдалы ұсыныс болған емес», - дейді BI Group қаржылық технологияларды дамыту бөлімінің бастығы Нұрлан Оңғарбаев.

«BI Group-пен бірлесіп жүзеге асырылған «Ерекше ипотека» бағдарламасы қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие болғанына қуаныштымыз. Біздің жүздеген клиенттерімізге сапалы тұрғын үйді оңтайлы қаржылық шарттармен сатып алуға мүмкіндік беріліп отыр. Бағдарламаның жаңартылған талаптары бұдан да көп адамның жаңа пәтер сатып алу туралы армандарын жүзеге асырып, отбасыларымен бірге ұзақ та бақытты өмір сүрулеріне мүмкіндік беретініне сене отырып, оларды үлкен үмітпен күтетін боламыз», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ бөлшек сауда блогының кураторы Ернар Нақысбеков.

Ипотеканы BI Group пен Nova City тұрғын үй кешендерінен үлестік қатысу келісімшартымен алынған пәтерлерді кепілге қоя отырып, табысты толық және ішінара растау арқылы ресімдей аласыздар. Қазіргі уақытта «Nura Esil» (4-кезек), «Арнау» (14-кезек), «Сердце столицы» (1-кезек), «Esil Riverside»                       (1-кезек), «Gulder» (2-кезек), Nova City (16 және 22-кезек), Тұран даңғылындағы Nova City (1 және 2-кезек), Рысқұлбеков көшесіндегі Nova City (1-кезек), Besterek (1-кезек), «Asyl Mura» (1-кезек), «Sezim Qala» (4,6,7 және 8- кезек) тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға болады.

Бағдарлама 26 қарашада басталады, толық ақпаратты BI Group сату бөлімдерінен және 360 нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) білуге болады. 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар