26 ЯНВАРЯ / 19 BI Development
Ray Residence болашақ тұрғындарын қарсы алды!
фывфыв

Бүгін, Ray Residence тұрғын үй кешенінің болашақ тұрғындары пәтерлерін көруге келді. Үй Астанамыздың Нұржол бульварында орналасқан.
Дархан Әбілдин, учаске бастығы:
- Кешен екі кезектен тұрады: біріншісі - 3 блоктан, екіншісі – 22 және 6 қабатты екі үй. Үй ауласында спорт және балалар алаңдары болады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аула көліктерден қоршалады, бірақ шұғыл қызметтер үшін әрдайым ашық. Жөндеу жұмыстарын жасамай-ақ, пәтерді дайын күйінде сатып алуыңызға болады. Тағы бір ерекшелік, әсіресе іскер адамдар үшін, үйдің өз коворкинг алаңы болады. Үй «Ақылды үй» жүйесімен жабдықталады.
Айгүл Оразбекова:
- Өзіміз BI Village Comfort коттедж қалашығында тұрамыз, балаларымыз өсіп келеді, сондықтан үйді орталықтан алуды шештік. Бізге барлығы ұнады.
- Компанияның технологиялық трендтерге сай келе жатқанына қуаныштымын. Қызметкерлеріңіз де біліктілігін арттыруда - бұл құрылыс сапасын жақсартуға әсер етеді, - дейді Бекет Рахымбеков есімді клиентіміз.
Елордамыздың дәл орталығында, оқиғалар ортасында өмір сүруді қаласаңыз, Ray Residence - нағыз сіз үшін арналған! Айтпақшы, үйде әлі сатылмаған 3 және 4 бөлмелі пәтерлер бар.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар