11 ИЮНЯ / 21 BI Development
Елордада бірегей жекеменшік мектеп ашылады
фывфыв

Quantum STEM Schools-да оқыту сингапурлық әдістеме бойынша жүргізілетін болады. Ашылуы ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған. 

Жаңа білім беру мекемесі "Зеленый квартал"ТҮК-тің екінші кезегіне қарама-қарсы аумақта салынуда. 

Балалар мен ересектердің жолдан қауіпсіз өтуі үшін мұнда бағдаршам орнатылды. Айта кету керек, кейбір клиенттер мектепке жақын орналасқандықтан дәл осы үйден пәтер сатып алған.

Дегенмен, кешеннің басқа да көптеген артықшылықтары жетерлік. Мысалы, эко-стильдегі ойын алаңы. Балқарағайдан салынған қалашықта түрлі ойын ойнауға болады. Мұнда лабиринт, кедергілер жолағы, скалодром, арқан паркі мен төбешіктер бар. Ойыннан кейін гамакта демалуға болады. Аула барлық тұрғындар үшін ортақ. Қоныстанушылар стритболды екінші кезекте, футболды бірінші кезекте ойнай алады.

Үй фасадында қолданылған жапондық компанияның талшықты цемент панельдері өзгертілген жоқ. Ал түстер болса өзгерді. Бұл өте әдемі, әрі сәнді болып шықты. Сондай-ақ мұнда кондиционерлер үшін себеттер қарастырылған.

Екінші кезекте жаңа acoustic Pro дыбыс оқшаулау жүйесі енгізілді. Еуропалық Schindler брендінің лифтілері жылдам жұмыс істейді. Ауладағы жайлылыққа отырғызылған шырша, арша, жөке, сирень, ырғай ағаштары сән береді.

Кинотеатрға қатысты мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ. Пандемия аталмыш салаға және кеңсені тапсыру мерзіміне әсер етті. Бұдан басқа, кешенде Қазақстандағы шыныпакеттердің 6*3 - ең үлкен орналасуы қолданылды. Арнайы тапсырысты орындау үшін зауыт желіні қайта құруға мәжбүр болды. Кеңселерді шынылау осы айда аяқталады.

Тапсырылған кезекте коммерциялық үй-жайлар және бір төрт бөлмелі пәтер бар. Толығырақ 360 нөмірі бойынша білуге болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.




Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар