04 ФЕВРАЛЯ / 20 BI Construction & Engineering
BI Group: біз бақыт мекенін құрамыз
фывфыв

BI Group: біз бақыт мекенін құрамыз

2019 жыл BI Group үшін жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің жылы болды деп айтуға болады. Бірінші кезекте, корпоративтік мәдениетімізді трансформациялау бойынша BI Happy Challenge бағдарламасы өз нәтижесін беруде. Өйткені біздің басты актив – бұл қызметкерлер. Жаңадан келген мамандарды бейімдеу, оқыту, біліктілігін арттыру бойынша жұмысымызды одан әрі жетілдірдік. Себебі, қазір тек бәсекеге қабілетті, аса білімді, жаңаша ойлайтын адамдар ғана табысқа жетеді. Осы тұста Бақыт бөлімінің, оның амбассадорларының және бизнес-тренерлердің қосқан үлесін ерекше атап өткен дұрыс.

BI Construction Engineering компаниясының тарихындағы маңызды оқиға – Нидерландының құрылыс нарығындағы беделді компания Archirodon-мен серіктестік орнатуы болды. Осылайша Semarco бірлескен кәсіпорнын құрып (Archirodon-50%, BI Group-50%), елімізде және шетелдерде мұнай-газ саласындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыруды қолға алдық. Сонымен қатар компания Атыраудағы BMEI жобасын, Алматы облысы, Қарасай ауданында бұқаралық спортты дамытуға арналған «Үшқоңыр» спорт кешенін, елордамыздағы Жекпе-жек сарайын, IT-университетін пайдалануға берді. Және де Айтей ауылында 1200 орынды мектеп салынды.  

Түркістанның облыс орталығы мәртебесіне ие болуына байланысты қалада ауқымды құрылыс жұмыстары басталды. Негізгі және техникалық жағынан күрделі ғимараттардың құрылысымен BI Construction South дивизионы айналысуда. 2019 жылдың күзінде Әкімшілік-іскерлік орталықтың орталық блогының құрылысы аяқталды. 

Жыл әсіресе, тұрғын үй құрылысымен айналысатын BI Development компаниясы үшін нәтижелі болды. 2019 жылы 12 мыңнан астам клиент баспаналы болды. Елордамызда модульді үй құрылысы технологиясы бойынша үй салатын ModeX зауытының құрылысы басталды. Қазір осы технология бойынша алғашқы тұрғын үй кешені салынуда. Бұл жобаның еліміз үшін аса маңыздылығын ҚР Премьер-Министрі зауыттың ашылу салтанатында атап өтті. 

Компания елімізідің оңтүстігінде әлеуметтік нысандармен қатар, тұрғын үй құрылысын да қолға алды. Қазір компаниямыздың Шымкенттегі алғашқы тұрғын үй кешені салынуда. Сонымен қатар, Өзбекстан нарығына шығу үшін осы елдің жетекші құрылыс компаниясы - Murad Buildings-пен бірлескен кәсіпорын құрылды. BI Group үшін бұл девелопмент саласындағы алғашқы халықаралық жоба. Осы жылдың көктемінде біріккен жобаны іске асыру аясында Ташкентте тұрғын үй кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

BI Road Construction бизнесін әртараптандыруына байланысты BI Infra Construction деп өзгертілді. Енді компания жол салумен қатар, инженерлік желілер, саябақ құрылысы, абаттандыру т.б. жұмыстармен айналысады. Бұл бизнесті дамыту мен жобалардың тиімділігін арттыру үшін жасалған жаңа мүмкіндіктер.

Ақмола облысындағы екі шипажай – Бурабай және Зеренді шипажайларын байланыстырған жолды пайдаланған жолаушылар бізге рахметтерін айтуда. Оған қоса, Қостанайдың әуежайындағы жаңартылған ұшу-қону жолағына әуе жолаушылары оң бағасын берді. 

Коммерциялық ғимараттарды салу және басқарумен айналысатын BI Property компаниясына келсек, егер 2018 жылы BI Property 130 мың шаршы метр коммерциялық ғимаратты басқарса, 2019 жылы бұл 271 мың шаршы метрге жетіп отыр. Холдингіміздегі жас компания халықаралық Hilton Worldwide-пен Орталық Азияда Hampton by Hilton қонақ үй желісін құру туралы келісім-шарт жасасты. Бастамасы ретінде Түркістанда Hampton by Hilton-ның алғашқы қонақ үйлерінің құрылысы басталды. Елордамызда Green Mall сауда орталығы бірінші кезегінің техникалық ашылуы өтті, одан бөлек 5 бизнес орталығы салынады: Centro, «Лазурный», «Нұра», Summit және Prime. Біздің «Бәйтерек» бизнес орталығы «Жасыл кеңсе 2019» республикалық конкурсында «Жасыл кеңсе» марапатына ие болды. 

Холдингтің қарқынды дамып келе жатқан ең жас компаниясы – BI Clients. Ол қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. 2019 жылдың 1 сәуірінде құрылған компания сату, маркетинг және сервис қызметтерін біріктірді. Бүгінде BI Clients 302 үйге қызмет көрсетеді, бұл 48 000 пәтер және 1 219 коттедж. Біздің үйлерімізде барлығы 200 мыңға жуық адам тұрады, бұл Ақтау немесе Петропавл сияқты қалалардың халқының санымен пара-пар. Үйде жылу мен жайлылықты тек әйел жаны ғана жасай алады. Сондықтан компанияның бас директоры болып Әсел Жүнісова тағайындалды. 

Холдинг қызметінің басты бағыттарының бірі - IT-технологиялар қарқынды дамып келеді. Енді пәтер ішіндегі жөндеу жұмыстарын онлайн түрде жасауға мүмкіндік беретін Smart Remont өнімі өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, жаңа үйлеріміздің көпшілігіне  Smart Home жүйесі орнатылуда. 

Холдингтің әлеуметтік жауапкершілігінің бір бағыты – қайырымдылық. Ай сайын қызметкерлер жалақыларының бір бөлігін BI Жұлдызай қайырымдылық қорына аударып тұрады. Қызметкерлер мен Қордың арқасында сал ауруына шалдыққан 100 бала аяқтарына тұрып, өздіктерінен жүре бастады. Ерекше қажеттіліктері бар 8 928 бала оңалтудан өтті, 20 285 балаға кеңес берілді, 731 балаға ота жасалды, отандық 510  дәрігер шеберлік сыныптарынан өтіп, тәжірибе алды. 

Біз Арыс қаласында орын алған апаттық жағдайдың салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп, қираған үйлерді қалпына келтірдік. BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев 100 млн теңге бөлді, холдинг қызметкерлері тағы 25 миллионды жинады. Осы қаражаттың барлығы үйлерді қалпына келтіруге және көмекке мұқтаж жандарға  гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсалды. BI Group-тың оңтүстіктегі қызметкерлері мен елордадан арнайы іссапарға жіберілген компания мамандары 201 үй мен 132 пәтерді қалпына келтіріп, екі жаңа үй салып берді.

2020 жылда біздің алдымызда орасан зор мақсаттар тұр. Өйткені ол біз үшін ерекше –  бұл Қазақстанның экономикалық дамуының драйверінің бірі болып табылатын компанияның 25 жылдығы. 

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар