27 ДЕКАБРЯ / 22 BI Development
Шымкентте 2222-клиентке бір миллион теңге табыс етілді
фывфыв

BI Group құрылыс компаниясы атаулы дата – 2022 жылғы 22 желтоқсанда  Шымкенттегі 2222-клиентін құттықтады.

Сату бөлімінің қызметкерлері ұтыс ойыны түрінде тосынсый ұйымдастырды. Есеп бойынша 2222-клиентке жүйедегі техникалық ақауларға байланысты сатып алынған пәтердің екі адамға сатылғаны туралы хабарланды.

Басында мен қатты қорықтым. «Шынымен, менің пәтерімді басқа біреуге сатқаны рас па?» деп ойладым. Мен тіпті жаңа жыл қарсаңында орын алған осындай шиеленіскен жағдайды шешуіме тура келді деп ашуландым ... Сөйтсем, мені миллион теңге күтіп тұр екен! BI Group компаниясына тосынсый жасап, тамаша көңіл-күй сыйлағандары үшін алғысым шексіз! Мен осындай айрықша нөмірге ие болғаныма өте қуаныштымын! – деп Аrman Qala бигвилінен пәтер сатып алған бақытты клиент әрі керемет сыйлықтың иегері Жанерке Өтепова өз эмоциясымен бөлісті.

Клиентке Technodom дүкенінен тұрмыстық техника сатып алуы үшін миллион теңгенің сертификаты берілді.

Жаңа жылды сиқырлы мереке деп бекерге айтпаған шығар. Керемет сыйлық бес бала тәрбиелеп отырған Жанеркеге бұйырды!

Компания үшін дәстүрлі іс-шара алғаш рет Шымкентте өткізілді. Бұған дейін ұтыс ойындары Астана мен Алматыда ұйымдастырылған.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар