03 АВГУСТА / 20 BI Development
Астанада «ақылды» мектеп салынады
фывфыв

Жаңа оқу орны Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің бойында, жаңадан салынатын «Поколение» тұрғын үй кешенінің ауданында салынады. 900 орынға есептелген мектептің екі ауысымдағы сыйымдылығы 1800 оқушы. Жалпы көлемі 8500 ш.м. Осы мектеппен қатар «Времена года: Осень» тұрғын үй кешені аумағында тағы бір мектептің салынуы жаңа оқу жылында осы аудандағы №59 мектеп-лицейге түсетін жүктемені мейлінше азайтады. 

Оқу орнының ерекшелігі – төменгі сынып оқушылары үшін бөлек ғимарат қарастырылған. Тағы бір қызықты шешім – спорт залын мәжіліс залына айналдыруға болады. Физика, химия, STEM робототехника және IT кабинеттері тиісті құрылғылармен жабдықталады. Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу процесін, сабақ кестесін, төлемдер мен медициналық қауіпсіздігін арнайы «Ақылды жүйе» бақылап отырады. 

 Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен BI Group компаниясымен жүзеге асырылады. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2021 жылдың тамыз айы, яғни мектепті жаңадан салынатын тұрғын үйдің бірінші кезегінен бұрын тапсырады. 

Айта кетейік, BI Group компаниясының оқу орындарын салуда үлкен тәжірибесі бар. Атап айтқанда, компания Қазақстанның бірнеше қаласында Назарбаев зияткерлік мектебін, елордамызда IT-Astana университетін салды және қазір де Алматы және Алматы облысында бірнеше мектептің құрылысын жүргізуде.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар