13 ИЮНЯ / 19 BI Development
Еліміздің құрылыс саласын не күтіп тұр?
фывфыв

Еліміздің құрылыс саласын не күтіп тұр?

Модульдік үй құрылысы, жасанды интеллект және инфрақұрылым реформасы - саланың алдағы 20 жылдағы басты трендтері.

Георгий Ковалев

13 маусымда Алматыда құрылыс нарығының 300-ге жуық компаниясы кәсіби форумға қатысты. Форумның басты тақырыбы құрылыс технологиялары мен оларды пайдалануды шектейтін ҚНжЕ арасындағы алшақтық болды, олардың бір бөлігі жарты ғасыр бұрын қабылданған. Осы жағдайда заманауи эстетикалық және технологиялық сұраныстарға жауап беретін ғимараттарды қалай тұрғызуға болады? Құрылыс процесін цифрландыру дегеніміз не және ол нарықтағы компанияның позициясын күшейтуге қалай көмектеседі? Алдағы он жылдықтағы еліміздегі саланың келешегі қандай? Бұл туралы BI Group инвестициялық-құрылыс холдингінің бақылаушы акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаевтың жасаған баяндамасында толық айтылды.

Елдің ЖІӨ-дегі құрылыс үлесі өзгеріссіз және жеткілікті

BI Group компаниясы нарыққа ең заманауи құрылыс стандарттарын қолдану саласындағы сала көшбасшысы және пионері ретінде танымал. Өз кезегінде компания басшысы бірден нарық мәселелерін, соның ішінде, ЕХРО-дан кейінгі нарықтың өсу перспективасы бар ма деген сауал сияқты түсініктерді айқындады.

Нарық болашағы туралы алаңдатудың немесе жаңа технологиялардың маңыздылығына күмән келтірудің қажеті жоқ, деп Айдын Рахимбаев аудиторияны тыныштандырды. Оның мәліметінше, Қазақстанның ЖІӨ-дегі құрылыс нарығының үлесі соңғы 7 жыл ішінде 5,6% деңгейінде сақталған, бұл еуропалық елдердің орташа көрсеткішіне сәйкес келеді. Мысалы, 2018 жылы Норвегия ЖІӨ-дегі құрылыс үлесі 6,6%-ды, Австрияда-6,4%-ды, Ұлыбританияда-6,1%-ды құрады. Қазақстандық көрсеткіштен төмен деңгейді Франция – 5,5%, Германия – 5,3%, Италия – 4,7% пайызбен көрсетіп отыр.

Құрылыс инвестицияларының көшбасшысы – Атырау облысы

Елімізде ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі - 626,5 млрд.теңге. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11,4% жоғары.

Егер Қазақстанның құрылыс нарығын өңірлер арқылы алып қарасақ, онда инвестициялар бойынша көшбасшы астана емес. Ол 61,2 млрд теңгеге орындалған құрылыс жұмыстарының көрсеткішімен екінші орында тұр. Үшінші орын Алматы қаласында - 50,3 млрд теңге. Одан әрі Қарағанды облысы (48,3 млрд), ШҚО (43,5 млрд) және Алматы облысы (40,1 млрд теңге) орналасқан.

Сала көшбасшысы - Атырау облысы 151,8 млрд теңге көрсеткішімен. Бұл мұнай өндіру өнеркәсібінің маңызды объектілерінің дамуымен байланысты. Айдын Рахимбаев нарықта ұзақ уақытқа орныққысы келетін компаниялар осы жерге ұмтылуы тиіс деп есептейді. Салынып жатқан өнеркәсіп объектілерінің көлемі үнемі өсуде. Ағымдағы жылы оның көрсеткіші 953,602 млрд теңге деңгейінде күтілуде. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нарығы 792,712 млрд теңгені құрайды. Азаматтық объектілер нарығы - 648,583 млрд теңге.

Урбанизация тұрғын үй нарығын жылдамдатуда

Айдын Рахимбаев құрылыс компанияларының тұрғын үй нарығының болашағына қатысты күмәнін жойды: өсім артуда. Оның себебі - халықтың ірі қалаларға көшуі. BI Group-тың алдағы 20 жылға арналған болжамына сәйкес, 2038 жылы Қазақстанда 22,1 млн адам, оның 70%-ы қалаларда өмір сүретін болады. 2023 жылы тұрғын үйді іске қосудың күтілетін саны 20,286 млн шаршы метрді құрайды. 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырыңыз - 6,472 млн ш. м. Ағымдағы жылы 13,856 млн ш. м. жоспарланған.

Сондай-ақ Айдын Рахимбаев BI Group сарапшылары 2028 жылға дейінгі кезеңге жасаған Қазақстан қалаларының тығыздалу динамикасының болжамын ұсынды. Мысалы, Нұр-Сұлтан халқы жыл сайын 4%-ға, Алматыда 2,2%-ға өседі. 2028 жылы халық тығыздығының рейтингі келесідей болады: Астана (41,2), Шымкент (24,9), Алматы (21,6), Атырау (21,2), Ақтөбе (19,7), Түркістан (19). Халықтың тығыздығын ұлғайту инженерлік инфрақұрылымды қайта жаңарту мен жаңа құрылыс объектілерін салуды талап етеді. Ал бұл рейтингтегі аутсайдерлер: Талдықорған (8,5), Петропавл (4,3), Тараз (4), Көкшетау (3,3), Павлодар (3).

Болашақтағы құрылыстың басты трендтері

Айдын Рахимбаев аудиторияға құрылыс нарығының таяудағы 10 жыл ішінде болатын өзгерістерді атап өтті. Негізгі бағыттары: перспективалы өңірлер мен урбанизация, өңдеу өнеркәсібін дамыту, «Ақылды» қалалар, елді газдандыру, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту.

BI Group талдау жасай келе, модульдік үй құрылысының болашағына үлкен сеніммен қарайтынын білдірді. Бұл зауытта жасалатын дайын пәтер блоктарынан ғимарат салу технологиясы. Ол 3-4 ай ішінде 10 адамның күшімен 400 пәтерден тұратын үй салуға мүмкіндік береді (монолитті технология 400 адамның күшімен 15-18 ай тұрғызу мерзіміне есептелген). Қараша айында BI Group Астанада модульдік зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Содан кейін 10 жыл ішінде әр өңірге зауыттар жеткізіледі. Бір зауыттың өнімділігі: жылына 131-460 мың шаршы метр. Тұрғын үйдің шаршы метрінің құны 240 мың теңгені құрайды. Осы технология бойынша 144 пәтерлік эксперименталды ғимарат Астанада салынып, қазан айында іске қосылады деп күтілуде.

BI Group «қызметіне» қабылданған жасанды интеллект тұрғын үйдің бағасын бірден нарықтық жағдайларға алып келеді және әрбір құрылыс алаңы үшін ауа-райы болжамын жасауға көмектеседі. Арнайы жобалау бағдарламалары құрылыс кешенін 2 сағат ішінде кез келген ландшафтқа енгізе алады. Технология үшін арнайы қосымша төлемсіз «Ақылды үйлер», кез келген күрделіктегі жобаларды ақпараттық үлгілеу, бизнес-серіктестермен өзара қарым-қатынасты автоматтандыру - осының барлығы болашақтың бейнесі ғана емес, сонымен қатар ағымдағы күннің бейнесі.

«Құрылыс саласы 50 жыл өзгерген жоқ. Оны қайта жаңарту керек», - деді Айдын Рахимбаев.

 


Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар