19 АПРЕЛЯ / 22 BI Development
BI Group тұрғындары үздік теннисші атағына таласты
фывфыв

Астана мен Алматыда BI Group үйлерінің тұрғындары арасында үстел теннисінен жыл сайынғы турнир өтті.

Жарыста100-ден астам қатысушы 3 жас санатында өз бақтарын сынады: 12-ден 16 жасқа дейін, 16-дан 50 жасқа дейін, 50-ден жоғары. Жарқын және қызықты турнир топтық ойындар форматында ұйымдастырылды, онда жеңімпаздар плей-оффқа шығып, жүлделі орындар үшін күресті.

Өз жас санатында алғашқы ракеткалар Дінмұхамед Қасенов, Жан Елемесов және Нұржан Тілеубергенов болды.

 «Жақында үстел теннисімен айналыса бастадым, сондықтан қатысуға бел будым. Турнирде көршілерімнің де теннис ойнайтынын білдім, енді біз олармен бірге тұрғын үй кешенінің ауласында ойындар ұйымдастыра аламыз. Компанияның спортқа көп көңіл бөлетініне және осындай іс-шараларды өткізетініне өте қуаныштымын», - дейді Sezim Qala Baqyt тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

Соңғы екі жылда BI Service компаниясы 190-нан астам, соның ішінде түрлі спорттық іс-шара ұйымдастырды. Олардың мақсаты – бірлігі жарасқан көршілік мәдениетті енгізу және салауатты өмір салтын насихаттау.

BI Group клиенттері BIG App мобильді қосымшасында барлық алдағы болатын оқиғалар туралы хабарландыруларды көре алады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар