15 ИЮНЯ / 21
"Бірге жеңеміз" көрмесі көрермендерге жол тартты
На казахском

Алматы қаласындағы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында "Бірге жеңеміз!» атты көрме ашылды. Бұл BI Group компаниясымен бірлескен жоба. Ол жұқпалы ауруханаларда, "қызыл" аймақта жұмыс істейтін дәрігерлерге, сондай-ақ пандемиямен күресу кезінде қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алуға арналған.

Көрмені Нұр-Сұлтан қаласы дәрігерлерінің портреттер галереясы –

фотограф Руслан Мазуниннің "Ризамыз" жобасы ашты. Бұл елорданың жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері мен медициналық қызметкерлерінің 101 фотосуреті.

Көрмеге ақындар, суретшілер, музыканттар, дизайнерлер мен әншілер өз туындыларын ұсынды. Георгий Лидің суреттері, Тамара Елфимова мен Джохар Исмаиловтың композициясы, Алматы қаласының бейнелеу студиялары оқушыларының суреттері қойылды. Ақын Бақыт Қайырбеков карантинді сақтаушы достарына арнап жантебірерлік өлең жазды. Сондай-ақ мұнда Берік Исмаилов пен оның командасының дизайнерлік жұмыстары көрсетілген.

"Шетелде ұқсас көрмені көрдім. Мені басқа елдердегі адамдардың дәрігерлерге деген құрметі әрдайым таңқалдыратын. Содан кейін мен өзіме неге бізде мұндай құрмет жоқ деген сұрақты қойдым. Соңғы бір жарым жыл ішінде болып жатқанның бәрі біздің жүрегімізде үлкен із қалдырды, бірақ мен дәрігерлердің күлкісін бәрі жақсы болады деген үміт белгісі ретінде көрсеткім келді. Түсірілім барысында әр медицина қызметкеріне өз портреті ұнағанын қаладым және оны жүзеге асыруға тырыстым. Олардың әрқайсысы: санитарлар, медбикелер, реаниматологтар, инфекционистер, дәрігерлер, фельдшерлер – барлығы пациенттердің өмірін сақтау үшін жұмыс істейді", - дейді Руслан Мазунин.

Пандемиямен күресуге әрбір жанның қосқан үлесі зор. Көрме 2021 жылдың 11 шілдесіне дейін жалғасады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар