22 ДЕКАБРЯ / 22
Екі ел президенті Ташкенттегі алғашқы бигвиллдің құрылысын бастап берді
На казахском

Ташкентте қазақстандық BI Group құрылыс компаниясы мен өзбекстандық Murad Buildings-тің бірлескен жобасы – тұрғын үй алабының құрылысы басталды. Салтанатты шара көрші ел президенттері Шавкат Мирзиёевпен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуіне орайластырылды.

BI Group басшысы Айдын Рахымбаевтың айтуынша жобаға 500 миллион доллар инвестиция құйылды. Ауданы 1,5 млн шаршы метр аумақ әлеуметтік, коммерциялық бағыттағы және тұрғын үйлерден құралмақ. Көрші ел президенттері құрылысты бастауға келісімдерін берді.

«Қала ішіндегі қала» немесе «бигвилль» Шыршық өзенінің бойында орналасады. Ал тұрғын үй алабының аумағында саябақтар, мектеп, балабақша, емхана, театр, сауда орталықтары салынады. Сондайқ өзен арнасы абаттандырылады.

Ташкент хокимінің орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда басқармасының бастығы Шароф Рахмонов:

Қазақстан мен Өзбекстан арасында тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаған. Президенттеріміздің ортақ келісімінің арқасында пайда болған бұл серпін жаңа нысандарды дамытуға және құруға ықпал етеді. Шыршық өзені бойындағы жобаның Ташкент үшін маңызы мен мәні зор. Оның арқасында инфрақұрылым, әлеуметтік маңызға ие нысандар одан әрі дамып, қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасалады. Әкімдік өкілі ретінде мен жобаның алға жылжуына қолымнан келгенше көмектесуге дайынмын.

BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев:

Сарапшылардың болжамынша Өзбекстанның жылжымайтын мүлік нарығы ел экономикасы дамуының негізгі драйверлерінің біріне айналуы мүмкін. BI Group-тың ауқымды жобаларды дамытудағы және Ташкенттегі жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, біз осы тұрғын алабының жаңа қоныстанушыларына, сондай-ақ Ташкент қаласының тұрғындарына жайлы өмір сүру үшін барлық жағдайды жасағымыз келеді.

 

Ғасырлар бойғы дәстүрді, құрмет пен өзара ынтымақтастық мәдениетін сақтайтын махалла тұрғын үй алабын салуға шабыт берген. Бұл ерекше әлеуметтік феномен әлемде үлкен қызығушылық тудырып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрасының алдын ала тізіміне енгізілген. Мұнда табиғат салған ірге қаланың шынары жайқалған саялы, тар сауда көшелерімен ұштасып, бірегей жерге айналады.

Бигвилль «Гольф клуб на озерах», «Янги Узбекистон» саябағы мен жобаланған олимпиадалық қалашық маңындағы белсенді дамып жатқан ауданда орналасады.

Ташкенттегі алғашқы бигвиллде 20 мың пәтер ұсынылады. Құрылыс салушылар энергия тиімділігіне, инновация және цифрландырылуына мән бермек. Мысалы, ыстық ауа-райында үй-жайларды салқындатуға ықпал ететін қараңғылау әдістері қолданылады.

 

BI Group бигвиллдері еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында салынуда.

 

Айта кетейік, BI Group компаниясының бірлескен серіктестігі аясында құрылған NRG кәсіпорны үш жылдан бері Ташкентте тұрғын үй кешендерінің құрылысын жүргізіп келеді.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық
Тегтер:
Әрі қарай
Барлық жаңалықтар