Қала тұрғындарына BI Group жаңа аллея салып берді
«Премьера» тұрғын үй кешенінде жаңа аллеяның ашылуы өтті. Оны құрылыс салушы өзі салып берген. Бұрын жеке меншік компаниялар тек үй ауласын көріктендіретін, ал саябақ, скверлерді әкімдік жасайтын. «Премьера» компания топтамасындағы әдемі үйлердің бірі. Американдық неоклассика, клинкерлік кірпіш және фасадтың басқа да элементтері, Қабанбай батыр даңғылында ыңғайлы орналасуы сияқты ерекшелікке ие бұл үй. Кешеннің алты блогының жеке көркейтілген ауласы бар, дегенмен компания ортақ бір аллея жасап беруді шешіпті.