Проектілерге
PROMENADE EXPO ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
Проект туралы

Тұрғын үй класы: бизнес

Орналасқан жері: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 50 А блогы

Кешен Ұлы дала, Еңбекшілер, Мәңгілік Ел даңғылдарының бойында орналасқан. Жақын жерде мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар бар.

Тұрғын үй кешені алты блоктан тұрады. Бестен он сегіз қабатқа дейін әртүрлі ғимараттар бар. Төменгі қабаттар кеңсе объектілеріне, дүкендерге және басқа да қызмет көрсету орындарына арналған. Кешен аумағында барлық жастағы балаларға арналған заманауи ойын алаңдары және ойын құралдары бар. Бұл аулаларда уақыт өткізу қауіпсіз болып табылады. Кешеннің ішкі бөлігіне автомобильдердің кіруіне тыйым салынған. Бұл тұрғын үй кешеніндегі жайлылық деңгейі алдыңғы қатарлы еуропалық стандарттарға сай. Сіздің отбасыңыздың қауіпсіздігі үш аспектіге негізделген: жабық аймақ; кешеннің бүкіл аумағындағы тәуліктік бейнебақылау; және қараңғы уақытта аула алаңдары мен қоғамдық үй-жайлардың жарықтандырылу.