Орналасуы – Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы
Ұзындығы – 92 км
Төсем – Цемент-бетонды
Категория – І-А
Келісім-шарттың бағасы – $245 млн
Жүргізілген жұмыс түрлері – Автокөлік жолдарының, көпірлердің, жол өтпелері мен жолайырықтарының құрылысы және реконструкциясы
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізінің үш бөлімшесінің құрылысы ең ірі әрі маңызды жобалардың бірі болып табылады. Жобаның басты мақсаты - елдің транзиттік потенциалын дамыту, Қытай және Ресей сияқты қарқынды дамып жатқан нарықтармен сауда-экономикалық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру. Жол құрылысы мен реконструкциясының параметрлерін бірінші категорияға көтеруді де көздейді.
«Казахдорстрой» компаниясы жүзеге асырған бірінші бөлімше 2012 жылы қазанда қолданысқа берілді. 2,5 жыл ішінде компания 40,7 км жолды салып, тапсырды. Бұл жол бірінші техникалық категорияға жатады, қозғалыс қауіпсіздігінің барлық стандарттарына жауап береді, төрт жолақты және бетон төсемді.2012-2013 жылдары «Казахдорстрой» уақытынан бұрын екінші және үшінші бөлімшелерді де тапсырды. Бүгінгі күні 90 км-ден астам жол көпірлер және жолайырықтармен қоса қолданысқа берілген.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жобасының жүзеге асырылуы отандық жол-құрылыс саласының техникалық деңгейінің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Мыңдаған мамандар жұмылдырылып, бетон және фракционды ұсақталған тас, грунт араластырғыш құрылғы шығаратын зауыт іске қосылды, жол құрылысына қолданылатын заманауи техника, цемент қоймалары қолданылды. Жол құрылысы кезінде дивизион жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, отандық материалдар мен қызмет түрлерін қолданды.
Жол құрылысы заманауи технологиялар мен жобалық шешімдерге сай жүзеге асырылды. Құрылыс сапасына Халықаралық инженерлер федерациясының стандарттарына сай бақылау жүргізілді. Бақылауды Инженер қызметі мен тапсырыс беруші жүзеге асырды. АБР жобасы қаржыландырды.