Орналасуы – Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы
Ұзындығы – 39,392 км
Төсем – Асфальт-бетонды
Категория – ІІ
Келісім-шарттың бағасы – $81,3млн
Жүргізілген жұмыс түрлері – Автомобиль жолдары, көпірлер, жол өтпелері мен жолайырықтарының реконструкциясы
2013 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізіне енетін «Ақтөбе қаласының солтүстік айналымы» жобасының құрылысы аяқталды. «Казахдорстрой» дивизионы құрылысқа 2011 жылдың соңында кірісті. Екі жолақты, екінші категорияға жататын асфальт жолдың ұзындығы – 39,3 км. Ені – 9 м. Асфальтты төсем бір ось бойында 13 т салмақты көтере алады. Бөлімшеде 4 жаңа көпір мен «Беде жапырағы» типтес екідеңгейлі 3 жолайырық салынды. «Ақтөбе қаласының солтүстік айналымы» Хромтау және Мартук аудандарының автотрассаларын жалғастырады. Ол көршілес Ресейдің территориясына тікелей шығуға мүмкіндік беріп, өз кезегінде бұл екі елдің тауар айналымының дамуына септігін тигізеді. Бұл жобаның тағы бір артықшылығы экологиялық пайдасында: Хромтаудан Мартук арқылы Ресейге шыққан автомобильдер Ақтөбе қаласына кірмей, өз жолдарын тікелей жалғастырады. Осылайша облыс орталығының экологиясы жақсармақ, себебі қаладағы көлік қозғалысының легі біршама төмендеген.