Орналасуы – Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы
Ұзындығы – 124,3 км
Төсем – Цемент-бетонды
Категория – І-А, І-Б
Жүргізілген жұмыс түрлері – Автокөлік жолдарының реконструкциясы, көпірлердің, жол өтпелері мен жолайырықтардың құрылысы
Сарапшылар Астана-Павлодар жобасының Қазақстанның экономикасы үшін маңыздылығын атап өтеді: жаңартылған жол Қазақстан өңірлерін Ресей Федерациясы Батыс Сібір өңірінің ірі экономикалық орталықтары – Новосибирск, Омск, Томск және Алтай Республикасымен байланыстырады.
Реконструкциядан кейін Астана-Павлодар трассасы төрт жолақты, бірінші техникалық категориялы жол болады. «Казавтожол» ҰК» АҚ материалдарды таңдаудың экономикалық, экологиялық және эксплуатациялық артықшылықтарын атап өтті:
-бетон төсем деформацияға, үлкен салмаққа, жоғары және төмен температураға төзімді;
-материал ластануға және механикалық әсерге төзімді, бетонды таза ұстау жеңіл;
-бетон төсемге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін артық шығынданудың қажеті жоқ.
Ауқымды жобаның арқасында өңірде бүгінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. BI Road Construction жоба жұмысына жергілікті елді мекендердің тұрғындарын белсенді түрде тартып, құрылыс материалдарын өндіретін жергілікті кәсіпорындармен бірге қызмет атқарады. Бұл кәсіпорындар құрылыстың көп бөлігін шикізатпен қамтамасыз етеді. Жол қолданысқа енгеннен кейін жол қозғалысының қауіпсіздігі де біршама жақсаратынын ерекше атап өткен жөн. Бірінші техникалық категорияға жататын жолдарда орнатылатын автокөліктерге қарама-қарсы жолаққа шығуға немесе трасса бойында рұқсат етілмеген жерге тоқтауға мүмкіндік бермейтін қоршаулар жол-көлік апатының санын 3 есеге азайтады.
Қазақстандағы құрылыстың көшбасшылары ретінде BI Group холдингіне Астана-Павлодар трассасының 40%-ы (150 км) тиесілі, құрылыстың жалпы бағасы – 83 млрд теңгеден астам.