Орналасқан жері: Астана қаласы
"Green
Park" тұрғын үй кешені құрамына төрт кіреберісі бар тоғыз қабатты үйлер кіреді. Мұнда тәулік бойы бақылау жүргізіледі және кешенде кең жерасты паркинг бар. Аула алаңы көліктер үшін жабық.
Өңделген гранитпен біріктірілген монолитті темірбетон үйге сенімділік пен беріктік сыйлайды. Сонымен қатар, қабырғалардың газ блоктардан болуы өрт қауіпсіздігінің жақсы сақталуына мүмкіндік береді.
Үйге кешеннің екі жағынан да кіре алу мүмкіндігі тұрғын үй кешенінің басты ерекшелігі болып табылады. Бірінші қабатта дүкендер мен басқа да маңызды нысандар орналасқан.
Кешеннің жанында сіздің балаларыңыздың дамуы үшін барлық орталықтар бар: білім беру лицейі, жұмыс істейтін балабақша, ойын-сауық кешендері. Оған қоса, "Green mall" үлкен сауда үйі уақытыңызды үнемдей отырып барлық қажетті сатып алуға керемет орын болып табылады.