Бұл жерде сапалы, жайлы және заманауи тұрғын үй туралы сіздің ойлаған барлық тілегіңіз орындалады.
Үйге EXPO 2017 халықаралық көрмесі, BI Village коттедж қалашығы жақын орналасқан.
Тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылыс нарығында 20 жылдан астам уақыт - компанияның өз клиенттерінің сеніміне ие болғанын көрсетеді. Әрбір тұрғын үй кешені - ойластырылған инфрақұрылым, тек жаңа, заманауи және экологиялық қауіпсіз материалдарды пайдалану.Компания сізге арманыңыздағы пәтерді жобалауға мүмкіндік береді. «Созвездие» тұрғын үй кешенінен пәтерді сатып ала отырып, сіз бөлменің саны мен көлемін өзгерте отырып, өз қалауыңыз бойынша ішкі жоспарын жасай аласыз.
«Созвездие» тұрғын үй кешенінің артықшылықтары
Егер сіз болашақ пәтеріңіздің жоспарын өзіңіз жасағыңыз келсе, «Созвездие» тұрғын үй кешені нағыз сізге арналған. Пәтеріңізде қанша бөлме болатынын, олардың қалай орналасатынын өзіңіз анықтайсыз. Үйдің қасбетіне керамикалық панельдер мен табиғи гранит тас – сенімді және экологиялық таза материалдар қолданылды. Әрбір үйдің холлы заманауи стильде орындалған. Әр қабатта 4-тен 6-ға дейін пәтер бар. Тұрғындарға және келген қонақтарға ыңғайлы болу үшін кіреберістерде пәтерлердің нөмірлері, қай қабатта орналасқаны туралы көрсеткіштер бар.
Үй ауласы тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін өте тиімді ойластырылған. Әдемі балалар алаңы, ыңғайлы жерасты паркингі, көліктерден қоршалған жабық аула. Сондай-ақ тұрғындарды үйдің орналасқан жері қызықтырады. Өйткені үй жанында мәдени-ойын-сауық кешендері, мектеп, салынып жатқан екі балабақша және басқа да әлеуметтік нысандар бар.