Тұрғын үй
класы: бизнес
Орналасқан
жері: Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 5, 5а-е, 7, 7/2, 7/3, 7а, 7б
Он екіден
астам көпқабатты үйлерден тұратын, кіріктірілген коммерциялық үй-жайлары және
бірнеше жеке тұрақтары бар ірі тұрғын үй кешені.
Тұрғын үй
кешенінің барлық ғимараттарында көгілдір түсті дөңгелектелген немесе толқын
тәрізді витраждар, сондай-ақ, үйлердің жоғарғы бөлігінде бірдей желкенді
әшекейлер бар.
Тұрғын үй
кешенінің орналасуы оның тұрғындарына қаланың жаңа әкімшілік орталығының барлық
маңызды нысандарына көліктің кез келген түрімен немесе тіпті жаяу жылдам жетуге
мүмкіндік береді. Жақын жерде Министрліктер Үйі, Жоғарғы Сот, Бәйтерек, Нұрлы
Жол бульвары, "Арай" паркі, Есіл өзенінің жағалауы және басқа да
көптеген нысандар орналасқан.
Оң жағалауға
шығу да оңай, себебі түрғын үй кешенінен 400 метр қашықтықта Есіл өзені арқылы
өтетін екі көпір, ал бір шақырым радиуста тағы екі көпір бар.