Тұрғын үй
класы: бизнес
Орналасқан
жері: Астана қаласы, Шарль де Голль көшесі, 5, 7, 9, Тоқырауын көшесі, 8, 10
Астананың
әдемі сәулет орындарының бірі - "Париж кварталы" тұрғын үй кешені.
Тұрғын үй
кешені тарихи және жаңа әкімшілік орталыққа көліктік қолжетімділік тұрғысынан
тартымды орынға ие.
Кешен 6 алты
қабатты жеке тұрғын үйден тұрады, олардың әрқайсысы ерекше және Людовик XIV
(Франция, XVII ғасыр) кезеңінің стилінде жасалған.
Кешен абаттандырылған
қорғалатын аймақпен, экологиялық материалдарды қолданатын Француз ландшафты
дизайнымен, екі жүз метрден астам серуендеу алаңымен және табиғи тастардан
жасалған орындықтармен жабдықталған.
Тұрғын үй
кешені аумағында ойын алаңдары, теннис корты, баскетбол алаңы бар. Сонымен
қатар, кешен жанында "Мирас" балабақшасы, "Арман"
ойын-сауық орталығы орналасқан.