Проектілерге
БОТАНИКАЛЫҚ САЯБАҚ
Проект туралы

Орналасқан жері: Астана қаласы

Ботаникалық саябақ 2018 жылдың жазынан бастап сол жағалаудың көрікті орындарының біріне айналды. Ол Қабанбай батыр даңғылы мен Түркістан, № 24 және 26 көшелерінің аумағында орналасқан.

Ботаникалық саябақтың аумағы 92 гектарды құрайды, оның 63 гектары - жасыл алаң. Ғылыми аймаққа 17,7 гектар бөлінді. Мұнда өсімдіктерді отырғызу, акклиматизациялау, өсіру, көбейту және зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Саябақ аумағына 34000 ағаш және 86000 бұта отырғызылды. Жалпы ауданы 1,6 мың шаршы метрді құрайтын екі жылыжай және 21 спорт және балалар алаңдары салынды. Бұл алаңдар ішінде ерекше балаларға арналған алаңдар да бар.

Саябақтың кіреберісінде аркалар бар. Аркалардан өткеннен кейін субұрқақтары бар жасанды су қоймасы арқылы өтетін көпірді көруге болады.

Саябақта 11 километр вело және 10,5 километр жүгіру жолдары салынды, 85000 шаршы метр төсеніш төселді.