Кеше Бурабай кентінде жаңа мешіттің ашылуы өтті.
Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, Бурабай ауданының 90 жылдығы қарсаңында жаңа мешіттің Бурабай тұрғындары үшін бұл баға жетпес сый екенін жеткізді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының» атынан Бурабай мен Көкшетау тұрғындарын осы айтулы оқиғамен құттықтап, құрылысшыларға алғысын білдірді.
Мешіт Бурабай көлінің жағасында, Кенесары көшесі бойында салынған. Ауданы - 1660 ш.м., сыйымдылығы - 150 адам, минарет. Төменгі қабатта әйелдер мен ерлер тахараты, аяқ киім сақтау бөлмесі, техникалық бөлмелер бар. 1-қабатта - ерлер намаз залы, холл және гардероб бөлмесі, 2-қабатта - әйелдер намаз залы, имам кабинеті және қабылдау бөлмесі бар. Құранды оқуға және оқу-ағарту топтарының сабақтарына арналған бөлмелер 3-қабатта орналасқан. 48 орынға арналған көлік тұрағы бар.
BI Construction басқармасының директоры Жамбыл Жетпісбаев: «Бүгін еліміздің інжу-маржаны - Бурабайда біз ерекше нысанды тапсырамыз және оны салуға мүмкіндік бергені үшін басшылыққа өте ризамыз».