4 қыркүйекте Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қайта жөнделген Абай және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылардын аралап көрді.⠀
Бұл жөндеу жұмыстарының мақсаты — ескірген жол төсемін, көгалдандыру элементтерін жаңарту: тротуар, бордюр, арықтарды жөндеу; ағаштар отырғызу; сыртқы жарықтандыру мен МАФ-тарды орнату (аялдамалар, орындықтар, қоқыс жәшіктері); фонтандарды салу; байланыс пен газбен жабдықтауды жүргізу. BI Construction компаниясы 3 км-ден астам жол учаскесін жаңартты. Бұл аумаққа 29 мың ш. м. кеспе тас төселді, көгалдандырылған жер көлемі 34 мың ш. м., 3 фонтан, 13 аялдама, 151 орындық, 168 жол бағаны, 68 қоқыс жәшігі, 300 көше шамы орнатылды, 1,4 км троллейбус желісі ауыстырылды, 4,5 мың метр су бұрғыш каналдары жаңартылды. Сондай-ақ BI Construction қазір Мәметова, Мақатаев көшелері мен Назарбаев даңғылының квадратында орнатылып жатқан балалар алаңын Алматы қаласына сыйға тартты.⠀
Данияр Оспанов, жоба жетекшісі:⠀
«1 қыркүйекте біз BI Construction-ның Алматыдағы бірінші жобасын аяқтадық. Бастапқыда қойылған міндеттерден басқа, жобаның ортасында қосымша жұмыстар қосылды: троллейбус желісін ауыстыру, бағдаршам объектілерін орнату. Жоба оңай болған жоқ, өйткені жолды жабу мүмкін емес болғандықтан, тығыз жерде жұмыс жасауға тура келді. Жаяу жүргіншілер де еркін өте бергендіктен, олар үшін де, құрылысшылар үшін де ыңғайсыздық тудырды. Алайда біз қойылған уақытта орындап, ешбір шығынсыз жұмысты сәтті аяқтадық. Біз үшін бұл керемет тәжірибе!»⠀
Айта кетейік, BI Construction 2018 ж. 14 маусымында Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі учаскенің, Назарбаев даңғылының жаяу жүргіншілер аймағын қайта жөндеуге кіріскен.⠀