Орналасуы: Астана
Түпнұсқа өнер нысаны әлем
халықтарының бірлігін білдіреді, сондықтан қабырға беттерінде
"бейбітшілік" сөзі 51 тілде көрсетілген. Жоба Н. Назарбаевтың "
Әлем. ХХІ ғасыр" антиядролық манифесті негізінде жасалған.
"Бейбітшілік қабырғасы"
үш бөліктен тұрады: біріншісі - оқшаулықты, екіншісі – үміт, бостандық пен тәуелсіздікті,
үшіншісі - бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жолын білдіреді.
Ескерткіштің ұзындығы - 97,8 м,
максималды ені — 18,4 м, биіктігі -17,5 м. «Бейбітшілік қабырғасы" корпусы
жоғары берік болаттан жасалған. Ескерткішті тұрғызу үшін 1200 тонна гранит
қажет болды.
Жапырақша түріндегі мөлдір шатыр
панельдеріне ауданы 600 шаршы метр және 2,5 миллион жарықдиодты шамдардан
тұратын LED жүйесі салынған. Бұл кез-келген үлкен сандық кескіндерді ағынмен
жіберуге мүмкіндік береді.
Мемориал Тәуелсіздік даңғылында
орналасқан және Тәуелсіздік алаңының архитектуралық ансамбліне үйлесімді келіскен.