Петропавлда 9 қарашада Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының 15-ші форумы өтті. Іс-шара жаңа IT-орталықтың ашылуынан басталды. Құрылыс салушы - BI Construction компаниясы.
Жаңа орталықтың мақсаты - робототехникаға дейінгі кез келген салада балалардың талантын ашу.
Ғимараттың жалпы ауданы - 14,8 мың ш.м. Орталық бірнеше блоктардан және 268 бөлмеден тұрады. Оларға: салтанат залы, 150 орынды акт залы, 294 орынды концерт залы, 100 орынды аудитория, музыка залдары (скрипкамен, вокал, домбыра, фортепиано), би, дизайн және кескіндеме кабинеттері т.б. кіреді. «Біз 2018 жылдың қазанында құрылысты аяқтадық, бірақ Оқушылар сарайының салтанатты ашылуы екі мемлекет – Қазақстан мен Ресей басшыларының келуіне орайластырылды», - дейді жоба жетекшісі Жомарт Қарсақбаев.
IT-орталықта сондай-ақ, физика, биология және химия кабинеттері, дрон жасау, 3D-прототип жасау кабинеттері, электроника және электротехника кабинеттері, робототехника және мехатроника зертханалары бар. Бұдан басқа: SDR радио кабинеті, 3D-үстелдері бар холл, Lego Mindstorms кабинеті, каркасты-вакуумдық мобильді кинотеатр, заманауи ғылыми индустрия (Evrikum) аймағы, анимациялық студия, Nettle Desk голографиялық класы, киностудия, дыбыс жазу студиясы, бағдарламалау кабинеті, start-up жобалар кабинеті, гидропоника және коворкинг орталық.
Орталықтың тұрақты тұрғындары Робот теспиан, Робот НАО және lexsolar электромобилі болады.
Аумақта 2 автотұрақ бар, енді балалар және спорт алаңы салынады. Әр түрлі бағыттағы 60-тан астам үйірме жақын арада жұмысын бастайды.