2018 жылдың 30 қазанында жаңа Драма театрының салтанатты ашылуы өтті. Оның ресми ашылуы Талдықорғанда басталған «Қазақстан - Еуразия жүрегі» VII Халықаралық театр фестиваліне орайластырылды.
BI Construction компаниясы ғимарат құрылысын 2016 жылдың қазан айында бастады. Жаңа драма театрының алаңы 10,5 мың шаршы метр, 186 жұмыс орнына есептелген, ал бас залға 510 қонақ сияды.
Жоба жетекшісі Мирдос Әлімжанов театрдың техникалық сипаттамалары туралы айтты.
«Қазіргі заманғы театр - техникалық технологиялар заманауи режиссураның жоғары талаптарына негізделе отырып жасалды. Осыған байланысты сахнаны жабдықтауға жоғары талаптыр қойылды».
Театр бір жер асты және үш жер үсті қабатына ие. Ғимараттың фасады жоғары сапалы заманауи материалдармен безендірілген, ал цоколь қабатының қабырғалары аспалы фасад жүйесі бойынша гранитпен бөлінген. Драма театрын тұйық жүйе ретінде қарастыруға болмайды – оның басты вестибюльі мен фойесі театр ғимаратының алдындағы екі фонтаны бар салтанатты алаңға өтетін жабық алаң болып табылады. Сонымен қатар, ғимараттың алдында екі жағынан қонақ үйлер, көрме павильоны мен салтанат залы орналасады. Әрине, жаңа театр мен оның аумағы қаланың жаңа орталығы және қалалықтардың сүйікті мәдени орны болатыны сөзсіз.