Проектілерге
Bereket тұрғын үй кешені
Проект туралы

• Тұрғын үй класы: комфорт

• Орналасқан жері: Алматы қ., Мұстай Кәрім к-сі, 13а.

Тамыз айының басында BI Group компаниясының Алматы қаласындағы алғашқы газбен жабдықталған тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Бұл жалпы ауданы 31735 ш. м. 284 пәтерден тұратын және 6 кіреберісі бар 12 қабатты тұрғын үй кешені.

Ғимараттың қаңқасы монолитті, газоблоктан қаланған. Қасбеті цембридпен қапталған - бұл төзімді, экологиялық жағынан таза әрі қауіпсіз материал.

Кешен аумағында 123 орынды жер асты паркингі бар. Жайлы аула таза ауада демалу үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған: ойын және спорт алаңдары, күркелер.

Bereket тұрғын үй кешені Шаляпин және Жандосов көшелерінің арасында, Саин көшесінің екінші сызығындағы өте ыңғайлы аумақта орналасқан. 

Терезелерден Іле Алатауының шыңына тамаша көрініс ашылады. Үйдің жанында көптеген мектептер мен балабақшалар бар. Саин, Шаляпин және Жандосов көшелеріне 3 жақтан да шығуға болады.

Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 25.01.2019 жылғы № 64 рұқсат. Уәкілетті компания: «Жан Сай Групп» ЖШС. Құрылыс салушы: Компания «Индустрия Строительства» ЖШС.