Проектілерге
«МӘҢГІЛІК» тұрғын үй кешені
Проект туралы

  • Тұрғын үй класы: комфорт
  • Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 40.

222 пәтерлі "Мәңгілік" тұрғын үй кешені небәрі 10 айда салынды. Жоспар бойынша үйдің бірінші кезегінің құрылысы 2019 жылдың ақпан айында аяқталуы тиіс болатын, алайда жоба командасы объектіні Жаңа жыл қарсаңында тапсырды. 

Ғимараттың құрылымы - газоблокпен қаланған монолитті каркас. Үй қасбеті фиброцементтік панельдер мен граниттен жасалған. Көлемі 45-тен 130 шаршы метрге дейінгі пәтерлер бар. Пәтер төбесінің биіктігі 2,7 метр. Терезелері – үш қабат әйнектелген металл пластикалық. Әр қабатта 2-6 пәтер орналасқан. Кешен аумағында 122 орынды жер асты паркингі салынған. 

Ерекше ландшафтық дизайн үйдің ішкі ауласына көрік береді. Сонымен қатар, үй ауласында ойын және спорт алаңдары, демалыс орындары қарастырылған. Барлық спорт алаңдарының көлемі 2000 шаршы метр, ойын алаңы – 1200 шаршы метр, демалыс орындары – 750 шаршы метрді құрайды.

Кешен «ақылды жарықтандыру» және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.