Бұл елімізде сұранысқа ие ІТ-мамандарын дайындайтын елордамыздағы алғашқы жоғары оқу орны.
BI Group компаниясы алдында күрделі міндет тұрды – ЭКСПО павильондарының бірінде қысқа мерзімде басқаларға ұқсамайтын оқу орнын салып беру. Және команда өз міндетін абыроймен атқара білді. Жаңа жоғары оқу орны небәрі 10 ай ішінде салынды.
37 617 шаршы метр 3 қабатты ғимаратта (техникалық қабат пен паркингті қоспағанда) - 680 бөлме, оның ішінде 140 аудитория, оқу залы бар кітапхана, 400 орынды асхана, кибер-аренасымен және заманауи спорт құралдарымен жабдықталған спорт алаңы, 450 орынды мәжіліс залы, коворкингі, лаунжға ұқсас жайлы демалыс орны және Apple, 1C, Oracle компанияларының тақырыптық кабинеттері бар. ЖОО заманауи талаптарға сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті барлық құралдармен жабдықталған, ал оқу корпусының элементтері барынша жайлылық жасауға бағытталған: мұнда open space аймағы көп. Тіпті студенттер үшін заттарды сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылған.
Университетте 3 200 студент, оның ішінде 2 600 бакалавр және 600 магистрант білім алады. АҚШ, Еуропа және Азия елдерінен келген оқытушылар техникалық мамандықтар бойынша ағылшын тілінде дәріс оқиды.
Айта кетейік, студенттер әдеттегідей 4 емес, 3 жыл оқитын болады, бұл еліміздегі осындай форматтағы жалғыз жоғары оқу орны. Түлектер Қазақстанда 3 жыл жұмыс істеуі тиіс.