● Тұрғын үй класы: «Бизнес»
● Құрылыстың аяқталуы: 2019 ж. қараша (бірінші кезек)
●
Орналасқан жері: Атырау қ., Жангелдин к-сі, 43.
Zaman – BI Group компаниясының Атыраудағы алғашқы тұрғын үй кешені. Ол екі
кезектен тұрады: бір 16 қабатты, бір 9 қабатты, жеті 12 қабатты, бір 3 қабатты
кеңсе блогы және 159 орынды паркинг. Тұрғын үй кешенінің жалпы ауданы 64000
ш.м., оның 33500 ш. м. – тұрғын үй, ал 1700 ш. м. – коммерциялық орындар.
Тұрғын үй
кешенін тұрғызғанда дыбыс-шудан оқшаулаудың заманауи технологиялары қолданылды,
мысалы пәтераралық қабырға қосымша акустикалық плита мен экологиялық жағынан
таза әрі өртке төзімді материалдан қаланған. Сыртқы қабырғасы жылу өткізбейтін
материалдан тұрады, ал еденге дыбыс оқшаулағыш фиброцементті жабын төселген.
Тұрғындар үшін
маңыздысы ауладағы қауіпсіздік, сондықтан паркингті қоса алғанда үйдің барлық
аумағын бейнебақылау камералары, күзет қызметі бақылайтын болады. Тәуліктің
қараңғы кезінде үй ауласы әрдайым жарық болады. Тұрғын үй кешенінде
тұрғындардың жайлылығы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ыңғайлы жоспарланған
пәтерлер, балалар үшін қауіпсіз мультифункционалды терезелер, оңтүстік кореялық
Silver лифтілері.
Құрылыс
кезінде сапалы материалдар пайдаланылды. Мысалы, польшалық Purmo компаниясының
радиаторлары, ал қасбеті травертин, лаймстоун, Иран гранитімен қапталған. Үйде
электр қуаты өшкен жағдайда автономды апаттық электродизельгенератор
қарастырылған.
Үйдің екінші
кезегі 5 блоктан тұрады, оның құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталды.
Тапсыру мерзімі: 2020 жылдың көктемі.