Проектілерге
Жеңіл атлетика кешені
Проект туралы

Жеңіл атлетикаға арналған спорт кешені қаланың спорт кластерінде орналасқан, түсінікті болу үшін бұл елорданың өзіндік спорт қалашығы. Мұнда көпшілік жақсы білетін «Астана Арена», «Алау» мұз сарайы, «Барыс Арена», «Сарыарқа» велотрегі және «Жекпе-Жек» сарайы орналасқан. 6 мың көрермен сыятын кешенде халықаралық деңгейдегі жеңіл атлетикалық жарыстар өтеді, атап айтқанда Әлем чемпионаттары мен кубоктарын өткізу үшін барлық талапқа сай келеді. Сонымен қатар кешенде 25 метрлік бассейн, жаттығу залы, спортшылар үшін жатақхана, сондай-ақ неврологиялық және ортопедиялық аурулары бар адамдарды сауықтыруға арналған шағын бассейні бар.