Проектілерге
Медиаорталық
Проект туралы

Түркістандағы Медиаорталық – еліміз бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа орталығынан» кейінгі екінші үлкен кешен. Заманауи үлгідегі ақпарат тарату орталығында республикалық телеарналар мен жергілікті радио, газет редакциялары жайғасатын болады. 4 қабатты ғимараттың жалпы көлемі - 3825 ш.м. Мұнда аудио-, бейнестудиялар, эфирлік аппараттық, журналистерге арналған open space офистері, жаңалықтар студиясы, брифинг-орталық, грим бөлмесі орналасқан. Қасбеттегі энергия үнемдейтін әйнек күн сәулесінің 70% дейін өтуіне жол бермейді, есесіне бұл қыста жылуды, ал жазда бөлмедегі салқын ауаны сақтауға көмектеседі.