Жоба туралы
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 57А
Жалпы ауданы: 27 000 шаршы метр
Қабат: 19 қабат
Ыңғайлы жұмыс ортасын құру бойынша әлемдік талаптарға толық сәйкес келетін заманауи ғимарат. Ғимараттың сыртқы көрінісі де бірегей, сыртқы қасбетінің 90% бөлігі әйнекпен қапталған, әрі бірізді геометриялық пішіндерімен ерекшеленеді. Бұл оны айналасындағы ғимараттардан өзгеше етеді. Әйнектеу үшін терезе жүйелерін жасау бойынша инновациялық материалдар пайдаланылады. «А» санатындағы бизнес-орталықтардың негізгі ерекшеліктері – бұл объектілердің алдыңғы қатарлы инженерлік желілермен және функционалды жоспарлау шешімдерімен жабдықталуы. Сонымен қатар қаланың беделді аудандарында орналасуы оларға қосымша артықшылық береді. Жоба 2020 жылдың мамыр айында аяқталған.