Проектілерге
HAMPTON BY HILTON TURKISTAN
Проект туралы

Орналасуы: Түркістан қаласы

Қонақ үй кешені Түркістанның мәдени-рухани орталығында, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін Тарих және мәдениет ескерткіші - Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын жерде орналасқан.

Ұлы Дала орталығы мен Visit Center Turkistan жақын арада орналасқан. Артықшылығы - халықаралық әуежайға жақындығы - қонақ үйден әуе айлағына дейін небәрі 15 км.

Hampton by Hilton Turkistan фасады Марокко стилінде жүзеге асырылған және 14 ғасырдағы көне саманнан жасалған құрылымға ұқсайды.

Hampton by Hilton Turkistan алаңы - Top tobe жеке банкет кешенін қосқанда, шамамен 9 000 м2 жерді алып жатыр. Turkestan Grand Hall банкет кешенінде 360 адамға арналған зал, екі VIP бөлме, жазғы терраса және коммерциялық орын бар.

Қонақ үйдің нөмірлері бір және екі орынды стандарт санатындағы 120 нөмірен тұрады. Қонақ үйде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелер бар.