Проектілерге
7000 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН СТАДИОН
Проект туралы

Орналасуы: Түркістан қаласы

Ауданы 24 мың шаршы метрді құрайтын ғимарат 2,3 қабаттан тұрады. Түркістандағы басты спорттық болып саналатын стадионның ерекшелігі - оның айрықша сәулетінде. Нысанда футбол матчтары да, басқа спорт түрлері бойынша да жаттығулар өткізуге болады: бокс, күрес, гимнастика, ауыр атлетика, йога.

Стадионда үш деңгейлі фасад орнатылған: біріншісі - витраж, екіншісі – алюминий панельдері, үшіншісі - экструзиялық алюминий профилінен жасалған қасбет элементтері. Интерьерде MDF панельдері, мембраналық төбелер, шыны панельдер, сәндік GKL панельдері қолданылады, барлық материалдар жоғары сапалы. Ғимаратта су мен электр энергиясын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін диспетчерлік қызмет бар. Стадион УЕФА мен IAAF стандарттарына сәйкес келеді.