Проектілерге
TAMERLAN RESIDENCE тұрғын үй кешені
Проект туралы

Тұрғын үй класы: бизнес

Тапсырылуы: 2020 жыл, қараша

Орналасуы: Шымкент қаласы, Нұрсат-1 шағын ауданы, 238

Tamerlan Residence-тің бірінші кезегі 12 және 16 қабатты төрт блоктан тұрады. Барлығы 197 пәтер. Тәулік бойы бейнебақылау, көліксіз аула — мұның бәрі пәтер иелерінің жайлы өмір сүруіне арналған.

Автокөлік иелері үшін бірнеше жүз орындық екі деңгейлі жерасты паркингі, сондай-ақ қонақтарға арналған тұрақтар бар. Кешенде серуендеу жолдары, спорт және ойын алаңдары ұйымдастырылған.

Шуақты Шымкент климаты жоғары температурамен ерекшеленеді, сондықтан Tamerlan Residence табиғи көлеңке жасайтын көптеген ағаштармен қамтамасыздандырылған.

Tamerlan Residence Шымкент қаласының қарқынды дамып келе жатқан орталығында орналасқан. Дамыған жол желісінің арқасында бұл жерден мегаполистің кез келген нүктесіне көлікпен жету оңай.

Дендросаябақ, METRO сауда орталығы, драма театры, Назарбаев Зияткерлік мектебі, № 3 аурухана және Rahima Plaza сауда орталығы сияқты нысандар жаяу қашықтықта орналасқан.