Тұрғын үй класы: стандарт
Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан қ., Тұран даңғылы, Е-22 көшесі
Sezim Qala тұрғын үй кешені — көтеріңкі көңіл-күй мен бақытты тұрғындардың мекені. Ашық түсті талшықты цемент панельдерінен жасалған үйдің сыртқы беті бүкіл Astana Sport City ауданының көркі болып табылады.
Екі жыл бойы салынған жатқан тұрғын үй кешенінің 2-кезегі бітіп, тұрғындар толық қоныстанып болды. Қазір мұнда 1200-ден астам адам тұрып жатыр.
Sezim Qala тұрғын үй кешенінің төмендегідей артықшылықтары бар:
— пәтердің ыңғайлы жоспарлануы
— ауданның инфрақұрылымы дамыған
— Magnum сауда орталығы қасында орналасқан
— елорданың маңызды спорттық ғимараттары жақын орналасқан
— аулада тыныш отырып демалатын орын қарастырылған
— PlayHUB — кешеннің дәл ортасындағы жалғыз ойын алаңы. Мұнда футбол, баскетбол, волейбол және хоккей алаңдары, жоғарыдан секіретін арқандар, көлеңкелі бастырмалар, төбешіктер, құмсалғыш, әртүрлі жастағы (3-тен 14 жасқа дейін) балаларға арналған ойын алаңдары мен көптеген басқа да нәрселер жоспарланған
— көлік тұрағы кіріктіріліп салынған.