Проектілерге
HYDE PARK тұрғын үй кешені
Проект туралы

Тұрғын үй класы: премиум 

Тапсырылуы2020 жыл, қараша

ОрналасуыАлматы қаласы, Асқаров көшесі

Тұрғын кешені Алматыдағы экологиялық қауіпсіздігі жоғары шағын аудандардың бірі – Мирас ауданында орналасқан. Үйлер ағылшын сәулет өнерінің бейнесін қайталағандай.

Кешен аумағында 1200 көшет отырғызылды. Аулада серуендеу аллеясы, беседкалар, субұрқақ, балалар және спорт алаңдары бар. Кешеннің ландшафт дизайнері әйгілі сәулетші — Роман Шнайдерман.

Екі кезек те ағылшын неоклассикалық стилінде жасалған. Үлкен витраждар мен әсем сәулет элементтері дәстүрлі ағылшын сарайларының бейнесін қайталайды. Төмен қабатты үйлер бірінші қабаттарда және шатырда террассалармен жабдықталған. Үш метрлік төбелер мен панорамалық терезелердің есебінен орын көбейеді. Hyde Park тұрғын үй кешенінің барлық пәтерлері «Ақылды үй» жүйесімен жабдықталған. Тұрғындар қауіпсіздікті басқара алады және барлық жүйелерді қашықтан басқара алады.