22 МАРТА / 18 BI Development
Тұрғындар Наурыз мейрамын тойлады
фывфыв

Көптен күткен Наурыз мейрамы «Арман қала» мен «Краун плаза» тұрғын үй кешендеріне де келіп жетті.
«Астана Жилсервис» сервистік ұйымының ұйымдастыруымен болған мерекелік шараны тұрғындар көтеріңкі көңіл-күймен бастап кетті. Тұрғындарға арнап бауырсақ, Наурыз көже сияқты ұлттық тағамдармен дастархан жайылды. Кішкентай тұрғындар, тіпті әжелеріміз «Қара жорға» биін билеп, мерекенің сәнін келтірді. Дәстүр бойынша, тұрғындардың үлкені ақ жаулықты аналарымыз барлығын Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ батасын берді.
Әз-Наурыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақыт-берекеге толы болғай!

Предыдущая новость Следующая новость
Теги:
Читайте также
Все новости